Статистика пользователя Бейбіт Жұмажан
Б
Бейбіт Жұмажан
1536 баллов (39)Данные
- Группа:
Пользователь
- Регистрация:
20 мая 2013 (00:11)
- На портале:
4597 дней
- Последний визит:
24 октября 2025 (10:38)
Комментариев: 16484
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Томаш Шимкович: «Чувствую себя как дома» Қой қарағым,қайдағыны айтпа.Елбасымыздың көп векторлы саясаты өз жемісін береді деп сенемін. Қазақтың қойдай жуас болып көрінетіні рас. Бірақ ішінде КӨК БӨРІНІҢ жасырынып жатқанын ұмытпа.Мәселен, сенің бүркеншек атын Лаврентий Павлович Берия. Кеңес заманында Алаш азаматтарын өз қолымен құртып, аштыққа ұшыратқан Гитлерден де асып кеткен қанды қол. Неге оны бүркеншек есім етіп алдың?Басқалар түсінбесе де мен жақсы түсінемін.Алла оның бетін әрман қылсын. Қасиетті жерімізге алда-жалда жаттың аяғы тигенде ешкімді аямайтын Бериядай қайрат қыларың сөзсіз.Ресейдің Путині тақырға отырады әлі.
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Аллен Чайжунусов стал новым генеральным секретарем ФФК Ален Шайжүнісовтың тегі кешеден бері осындағы жанкүйерлерін мазалап жатқан соң мен де өткен жылдарға еріксіз көз жүгірттім. Қазақстан Компартиясын Дінмұхаммед Қонаев басқарып тұрған жылдары партиялық -кадрлар номенклатурасындағы облыс, қала, аудандардың партия комитеттерін басқарған көрнекті тұлғалар Әуелбеков, Шаухаманов,Құлыбаев,Шорманов, Есенәлиев,Асқаров, т.б.қатарында Мәркен Шәйжүнісов деген партия-кеңес қызметкері болған. Семей облысында, Алматы қаласында қызмет атқарған.Шәйжүнісовтар бірнеше-ағайынды еді. Алматыда олардың аты-жөндері жиі естілетін. Ағайындылардың Мәркен Шайжүнісовтан өзгелері техника мен ғылым саласында қызмет етті. КСРО ыдырап,париялық, мемлекеттік мүліктер бөліске түскенде олардың нелерді иеленіп қалғандарынан хабарым жоқ.Алматының зиялы қауымы айтып отыратын жаман да жақсы пікірлерінен арасында Шайжүнісовтарға қатысты ештеңе айтылмайды. Соған қарағанда олар қарапайым адамдар сияқты дабырайтпай, өздерінің жеке істерімен ғана айналысып жүріп жатқан болар деп ойлаймын. Ал мына бала біреулерің айтқандай әртіске ұқсамайды. Шәйжүнісовтар тармағының бір ұрпағы болса солар сияқты зиялы азамат болар.
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Томаш Шимкович: «Чувствую себя как дома»для Respect...!:«Бейбіт Жұмажан, Ассалаумағалейкум Бейбіт мырза! сіздің комментінізге қарсы өз пікірімді айтып өтейін, сіздің Қайратынызда қазақша сөйлеп, тілді жаттап алған легионер барма? жоқ әрине, басқа клубтардада жоқ,бұл нені білдіреді... бұл бүкіл Қазақстандық мәселе, жәнеде Қостанайдаң қазақша жазған комментті көрмедім дегеніз артықшылық енді, мен өз басым қазақшада орысшада талай жазғам осы сайтта комментерді,және басқа жанkүйерде бар өз ана тілінде жазатын, бұл сайт орыс тілді, қазақша нұсқасын шығарса тіптен жақсы болар еді! Сондықтан көпке топырақ шашудың қажеті жоқ, Құдайға шүкір еліміз тәуелсіздік алғалы бері, астықты өлке Қостанайда қазақшалана бастады, сонау Арқалықтан,аудандардан,ауылдардан қазақтар қалаға көшу үрдісі байқалады, сенбесеніз біздің қалаға келіп көрініз,кілең орыстар жүр деп ойламаныз! әрине шалақазақтарда барғой,ол қай қалада жоқ дейсіз! Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин, Ыбырай Алтынсарин, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынұлы, Шоқан Уалиханов және т.б. атақты тұлғалар шыққан қасиетті астықты өлкеде болашақта ИншАллаһ барлығыда қазақша сөйлейтін болады әлі!» Бисмилла рахман рахим! Сөзімді осылай бастауға мәжбүр болдым бауырым.Саған жазған жауабымды саит кеше түнде жұтып қойған соң бүгін қайталап отырмын. Қазақ елінің сан ғасырлық хандық билігі құлағаннан кейін 1917 жылы Алаш Орда қалпына келтірген мемлекеттік билігіміздің көсемі Әлихан Бөкейханұлының "Жазушының қанағаты" деген өлеңінен бір шумақ келтірейін:"Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,Құлағын біреу салмас, біреу салар.Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,Кейіне жарамаса, кейіне жарар". Алаш көсемінің осы өлеңі арада бір ғасырға жуық уақыт өтсе де өзекті болып тұр. Көпке ұнау оңай емес. Кейбірімізге жарады.Әсіресе екеуімізге.Дұрыс айтасың еліміз тәуелсіздік алғалы атажұртқа оралған қандастармыз бен урбанизация әсерінен облыс орталықтарына ағылған қандастарымыздың арқасында Қостанайдың қазақшаланғана бастағанын білемін.Мен қазақтың кең байтақ даласының төрт түкпірін шарлаған қазақтың бірімін.Әсіресе киелі жерлердің бәрінде болдым.Пір Бекет Ата басына, қасиетті Түркістанда, Баптардың Бабы Арыстанбапта,т.б.киелі орындарға тәу еттім. Торғай облысының тұңғыш басшысы болған Шоқан Уәлихановтың ізбасары - этнограф Өзбекәлі Жәнібеков Арқалықты қалай көркейткені есімізде.Халық Батыры Амангелді Имановқа, тұңғыш комиссар Әліби Жангелдиннің, халық жазушысы қуғын-сүргін құрбаны Бейімбет Майлиннің есімдерін жаңғыртып, мұражайларын аштырған Өзбекәлі ағамыз болатын.Қазақтың ұлы ағартушы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің "Кел балалар, оқылығының" бірнеше қазақы шумағы кеңестік идеологияға лайықталып, өзгертіліп тасталғанын кейін біліп отырмыз.Қазақстан ОК бөлім меңгерушісі,мәдениет министрінің орынбасары кезінде -ақ,Өзбекәлі Жәнібеков ғасырлар қойнауынан келіп жеткен қазақтың көне музыкалық аспаптарын реставрациялап арнайы Саз аспаптары мұражайын ашқызды. Ұлтжанды болу, ел патриоты болуға Кеңестік империя да тосқауыл бола алмаған.Ал дәл қазір әсіресе, бүгінгі жастарға ұлт үшін бір игі атқаруға еш кедергі жоқ.Біз, сияқты қазақ футболының жанкүйерлеріне өз футболшыларымызға жанкүйер болудан артық қандай іс керек? Негізгі ойынға қосыла алмай жаутаңдап резервте отырған қазақ футболшыларының жан күйін кім түсінеді біз болмасақ? Қымбатқа сатылынып алған легионерлер 5 турда 1 голдан соққанда "Шахтердағы" Ұланымыз бір өзі ғана 5 турда 2 гол соқты. Мен "Қайраттың" жанкүйері болсамдағы барлық командалардағы қазақ футболшыларының ғана тілеуін тілейтін адаммын. "Қайраттың" қақпасына қазақ баласы гол кіргізіп жатса ренжитін жанкүйер мен емеспін.Менің ұраным - "Қазақ футболшылары алға!" Саған көп рахмет, рухы биік, намысты ұлдарымыздың бірі ретінде үн қатқаныңа.
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Томаш Шимкович: «Чувствую себя как дома»для Imangali:«Өкінішке орай солтүстік өңірлік қандастарымыздың көпшілігі өз ана тілін білмейтіндігі аянышты жайт. Мүмкін оларда да өз тіліне деген құрмет оянып қалар.» Иманғали,жөн сөз айттың.Солтүстік облыстарда ана тіліміз ақсап тұрғанмен соңғы жылдары сең қозғала бастапты.Томашқа табындыңдар деп әдейі жазғанмын. "Тобылдың" жанкүйерлерінің қаншалықты намысты екендіктерін білмекке. Респект деген бүркеншек атты жанкүйер керемет ойлы дүниелер жазып жауап қайтарды.Соны оқыған боларсың? Мен оның жауабына режімек түгілі қуандым. Бірақ алғашқы жауабымды кеше түнде саит жұтып қойды,әдейі және қаса қана.Осы саиттың қазақшаланғанын, ұлттық рұхымыздың атой салғанын қаламайды бұл портал.
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Пётр Бадло: «От «Кудрявого» до «Пицци» Қазақта "Жаман иттің атын бөрібасар қояды" деген сөз бар. Легионерлерге жанама аттар жарасып тұрған жоқ. Олардың ешқайсысы сол аттарға лайықты емес. Дегенмен, Сидельниковтың жанама аты "сиди" деп өте дұрыс аталған екен. Тіпті күліп алдым. Андрейді отырған жеріңде отыра бер дегендері ме сонда? Алтын бала Абатты "Аба" дейтіндері жақсы екен. "Аба" мұсылман түсінігінде "жабу" дегенді білдіреді.Абатымызға жабу сияқты қорғаныш керек тіл көзден сақтау үшін.
Хроника дня
- 14:35Футбол
Лидер «Астаны» досрочно расторг контракт с клубом. Известна причина - 14:29Хобби
Аналитики предсказали даты выхода «Ведьмака 4» и сиквела Cyberpunk 2077 - 14:11Футбол
«Барселона» нацелилась на двух топовых защитников - 13:05Футбол
«Тоттенхэм» — «Ливерпуль»: прямая трансляция матча АПЛ - 13:00Футбол
«Манчестер Сити» — «Вест Хэм»: прямая трансляция матча АПЛ
Опрос
Оцените уровень сборной Казахстана по футболу?




