Статистика пользователя Бейбіт Жұмажан
Б
Бейбіт Жұмажан
1536 баллов (39)Данные
- Группа:
Пользователь
- Регистрация:
20 мая 2013 (00:11)
- На портале:
4624 дня
- Последний визит:
15 января 2026 (09:25)
Комментариев: 16486
- Б
- Б
- Б
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Ренан Брессан: «Ничья в такой игре для нас — неудача»для Brilliant:«1. Мен сізді іздеуден аманмын! Ақтөбе жайында жазғаныңызға жауап айттым. 2. Тап сол сіздің ақшаға ойнап жатқанжоқпыз, тыныш жүреберуіңізге болады ол жағынан. 3. ""Ақтөбе"Чемпион!" деп даурығып құр босқа шауып жүрсіңдер" деп айтып артық кетпеңіз, Сіздің шаруаңыз емес ол. » Мен саған дәлел айтып, сөзімді шығын етпеймін. Бәрібір санаңа сәуле түспейді.
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Ренан Брессан: «Ничья в такой игре для нас — неудача»для mahambet66:«Өз қандастарымыз, қаракөз бауырларымыз туралы жазғандарыңызбен толықтай келісемін, сөзіңіздің жаны бар. Көзі ашық, көкірегі ояу ақтөбелік жанкүйерлер біледі, кезінде бұрынғы бапкер Дарабаевты лимитчик ретінде пайдаланып алып, ары қарай аяқтан шалып, ойнатпай қойғанын кезінде мен де сынап, ашық жазғанмын, екі тілде. "Ақтөбе" косынан кеткен кезде айтқанмын қасымдағыларға, жарақаттан аман болса, Аслан далада қалмайды, әлі-ақ өзін көрсетеді деп. Қазіргі ойынын көрген кезде, оған риза боламын, әрі бізде қалмағанына өкінемін... Сөз арасында айта кетейін, бұрынғы бапкер орнынан кеткен кезде, оның кеткенін дұрыс көріп, қоштағандардың бірі менмін. Дей тұрғанмен, футбол қазіргі за әлемдік маңызы бар спорт түріне айналды, тіпті саясат болып кетті десе де болады. Бүгінде футболды легионерлерсіз елестету мүмкін емес, оның пайдалы жақтары айтылып та, жазылып та жатыр. Ал "Ақтөбе" футбол клубына келетін болсақ, сіз жазғандай, ел спортына, қазақ футболына қосып жатқан үлесі аз емес, осыны да мойындай білейік. Өз ойымды сирек жазсам да, спорттық өмірде не болып жатқанынан үнемі хабардар болып отыруға тырысамын, спорттық сайттарда жанкүйерлердің жүйелі мағынада жазғандарын өзімше таразылап отыратындардың бірімін. Пайымдауымша, сөз саптауыңызға қарағанда, сіз терең білімді, орта жастан асқан адамсыз, мен де қылшылдап тұрған жас емеспін. Зас ретінде айтарым, құлағыңызға алтын сырға: қаншама сипалатып айтқанмен, "іштарлық" демей-ақ қояйын, дегенмен, "Ақтөбе" футбол клубына деген іштей қызғанышыңыз байқалып тұрады... осы бір жағымсыз қылықтан алыстау болсақ дегім келеді... Ал қазақ футболының болашағы жарқын болсын, болады дегеніңізге толық қосыламын, Алла тағала соған жеткізсін!» Аллам сақтасын! Іштарлық деген үлкен күнә ғой.Мен ондайдан ада адаммын."Ақтөбе" құрамында тым болмағанда 5 қазақтың баласы ойнап, олар Еуропада ұлтымыздың бет бейнесін танытып жүрсе қызғанбақ түгілі мойныма бұршақ салып "Ақтөбенің" тілеуін тілер едім.Менің қызғанатыным жергілікті футболшылардың орыны! Өз футболшыларымыздың тасада қалуы - жанайқайым! Жанерлер әртүрлі болады ғой.Бірі космополит, енді бірі мәңгүрт дегендей.Неге осындайсың дей алмайсың.Әркім өзі біледі неге, кімге жанер болатынын.Ал мен тұтас қазақ футболындағы бүкіл қазақ ойыншысының жанкүйермін. Сабыр Адай деген ақынның өлеңмен айтқанындай: "Әр қазақ менің жалғызым"деймін. Әрине,сіздің бүгінгі футболды легионерсіз елестету мүмкін емес дегеніңіз дұрыс. Тек 2-3 жақсы легионерден аспауы керек. Біздің колардағы легионерлердің осы мусымда қанша гол соққанын санап көріңізші. Олар соққан голды жергілікті футболшыларымыз да жаппай ұрып жатқанда легтерді қымбатқа сатып алу керек пе? Дей тұрғанмен, 100 пайыз легионерге толтырған "Ақтөбе" сияқты Еуропадан да,Азиядан да, Африкадан да бір ко көрмедім. Мүмкін білмейтін шығармын.Сіз білсеңіз айтарсыз. Легионерлері жергілікті ойыншылардан басымдау елдерді біздің елімізбен қалай салыстырамыз? Англия, Франция, т.б. мемлекеттерде легионерлер көп болсадағы француз бен ағылшынның ақ нәсіл және қандай ұлт екенін дүние жүзі біледі.Олар ұлттық бет-бейнелері айқын ұлттар болғандықтан басқа нәсілдегілерді жалдап ойната береді.Қазақ боксшыларының түр түсін планетамыздың бокс жанкүйерлері жақсы танып отырғанда неге қазақ футболшысының түр-түсін танымауға тиіс? "Ақтөбеге", Астанаға", "Шахтерге", "Қайратқа" Еуропада ойнауды Бір Алламыз нәсіп еткенде осы мүмкіндікті қазақ деген халықтың футболдағы биік рухын,өзіне тән қайрат-күшін көрсетуге неге пайдаланбасқа?! "Қайрат", "Ордабасы", "Тараз", "Тобыл", "Ақжайық" коларының жанындағы балалар мен жасөспірімдер мектептерінде қарадомалақтарымыздың көптеп тәрбиеленіп жатқанын дәтке қуат етемін! Қазақ футболының 100 жылдығын атап өту шеңберінде "100 ауылға -100 футбол алаңы" акциясын бастаған Шығыс Қазақстан облысының өркенді ісі қанат жайғандықтан қазір ауылдарда футбол алаңдары көптеп салынуда. Алматыға жақын аудандардағы кез келген ауылға барсам болды алаңдарда, үйлерінің маңына өздері жасап алған алаңшаларында футбол ойнап жүрген балдырғандарды көріп қуанамын. Өзіңіздің де қазақ футболының болашағының жарқын болатындығына деген игі ниетіңізді Алламыз қабыл етсін!
Хроника дня
- 02:18Футбол
ФИФА приняла официальное решение по топ-клубу КПЛ - 01:58Футбол
Турнир ФИФА в Казахстане ждет решения. Узбекистан уже узнал своих соперников - 01:26Футбол
Галымжан Кенжебек заявил о сложностях после первой недели в «Ахмате» - 01:06Футбол
Казахстанский блогер объявил дату покупки футбольного клуба и раскрыл детали - 01:04Lifestyle
Водный рай или химическая пустыня? Чем удивит Европа
Опрос
Лучший спортсмен Казахстана в 2025 году?
Наверх




