Статистика пользователя Бейбіт Жұмажан
Б
Бейбіт Жұмажан
1536 баллов (39)Данные
- Группа:
Пользователь
- Регистрация:
20 мая 2013 (00:11)
- На портале:
4606 дней
- Последний визит:
24 октября 2025 (10:38)
Комментариев: 16484
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Петар Колев: «У игроков основного состава контракты закончились в конце октября» "Ертістің" құрамында ойнаған легионерлердің контрактлерінің бітіп қалғаны өте дұрыс болды. Легионерлер көп болғанда кешегі матчта жеңіске пара-пар ойнаған "Ертістің" 8 жас футболшысына ешуақытта мүмкіндік тимейтін еді.ҚПЛ-ның барлық командаларындағы бықып жүрген легионерлер жергілікті ойыншыларға жол бермейтіндіктен өзіміздің талантты футболшыларымыз тасада қалып келеді. Климов таланттарды таный білетін бапкер екен. Баптап жүрген шәкірттерінің қай -қайсысын алып қарасақ та тұнып жатқан тұма дерсің! "Бұлақ көрсең көзін аш" дегендей Климов көреген екен. Кеше Батыр Құдайбердиев Малыйдың адымын аштырмады. Дубль жасаған Арман Смайылов Каньяс пен Кабанангадан еш кем емес.Роман Богданов,Юрий Голофаст, Мадияр Рамазанов, Игорь Назаров,Валериий Ленков деген жастарымыз жарқырап шығуға дайын тұр. Ал, голкипер Серікбол Қапанов тіс қаққан голкипер Александр Мокинмен тең дәрежеде өнер көрсетті. Давид ағасын жоқтатпайтын түрі бар.Дебютанттар есе бермей бара жатқан соң есі шыққан Стойлов амалсыз тәжірибелі легионерлерді және өзіміздің Юриий Логвиненконы ойынға қосып абыройын әзер сақтап қалды.
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Станимир Стойлов: «Для меня всегда фаворитом является моя команда»для Ербол01:«Ия, дені дұрыс комментарий жоқ. Сатана, далматня, еботка деп оттап жатады, қызық емес. Қатынның əңгімесін жазып, на"уй ондай əңгіме. еркекте қасиет болу керек қой, айтсаңдар кездесіп айтыңдар бір біріңе. » Дұрыс айтасың. Елордамыздың командасын "сатана", атақты "Ақтөбені" "еботка", №1- ші Халықтық команда "Қайратты" "далматня" деп жазу ақымақтық немесе білімсіздік. Жанкүйерлер бірін бірі мұқатқылары келсе қаланың, команданың атауларын қорламай нақты дәлелдермен сөйлеулері керек. Дәлелдері, білімдері жетпейтіндіктен боқтасатындар да бар. Әсіресе, "Астана" командасының жанкүйерлері өздері көп те емес, ұзын саны 5-6 жанкүйерден аспасадағы осы сайт солардың сандырақтарына толып кетті.
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Жайлауов перешел из «Барыса» в «Торпедо» Жаңа ғана "Қазақстан әйелдер құрамасы" Ұлыбританияны 3-1 есебімен ұтып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындатып, Көк Туын желбіретті! Рахмет, мұз айдынының арулары! Қазақ қыздары әлемнің үздік командаларын шетінен жеңіп жатқанда, қазақ жігіттері хоккей ойнай алмайды дейтіндер қандай уәж айтар екен?
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи «Астана» стала вторым финалистом Кубка Казахстана Финалға шықпасадағы "Ертіс" керемет ойнады. Димитров Стойлов сияқты самсаған легионерлерді қоспай жергілікті ойыншыларды ойнатып өте дұрыс жасады.Ойыншылар болғанда қандай десеңдерші! Кілең "сен тұр, мен атайын" дейтіндей. Ойын тәжірибесі аз, жас қақпашы Серікбол Қапанов Давид Лориядай қайдан болсын. Жастығына, тәжірибесінің жоқтығына қарамастан Қапанов қаймықпай келе жатқан допты қақшып отырды.Орындықта отырып қалмаса жақсы голкиперлер қатарына қосылары сөзсіз.Тасада қалып келген Батыр Құдайбердиевке де жарқырап көрінетін сәт туыпты.Соңына түскен Малыйды "мал" қылып жіберді. Дубльдің авторы Арман Смайлов Каньяс пен Кабанангадан бір кем емес! Команда капитандары Серікжан Мұжықов пен Әлібек Аяғанов аянып қалған жоқ.Сартаков,Рамазанов, Павлов,Богданов,Дауытов "Астананың" легионерлерінен асып тұр.Легионер демекші Фонсеканың бір өзі "Астананың" бүкіл легионерінен артық! Біржан Күлбеков, Абылайхан Жүнісов,Аманбол Әлиевті Стойловтың жиі-жиі ойынға қоспайтыны дұрыс емес. "Ертістен" жеңіліп бара жатып есі шыққан Стойлов Логвиненконы ойынға шығаруға мәжбүр болды.Юра шықпағанда "Астана" масқара болатын еді.
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Сборная Казахстана провела тренировку на базе «Кайрата» Ұлттық Құрама ойыншыларының "Қайраттың" базасында жаттығып жатқандары жақсы болған екен. Футболшылардың жаттығу жасауларына, тынғуларына барлық жағдай жасалған "Қайраттың" керемет базасы ойыншылардың бойларына қуат берсін.
Хроника дня
- 09:15Бокс/ММА
Жалгас Жумагулов сделал признание о казахах после сенсационной победы в Европе - 09:01Теннис
Елену Рыбакину признали главной угрозой для Арины Соболенко - 08:58Бокс/ММА
Встреча Геннадия Головкина и Криштиану Роналду вызвала эмоциональную реакцию - 08:35Питание
Профессор назвала продукты, которые реально помогают организму после праздников - 08:27Бокс/ММА
Жалгас Жумагулов восхитил после досрочной победы в титульном бою
Опрос
Лучший спортсмен Казахстана в 2025 году?




