Статистика пользователя _FC_KAYSAR_
_FC_KAYSAR_
0 баллов (43297)Данные
- Группа:
Пользователь
- Регистрация:
27 мая 2014 (15:36)
- На портале:
4554 дня
- Последний визит:
1 июня 2014 (11:20)
Комментариев: 4
-
_FC_KAYSAR_ к записи Юсуп Шадиев: «„Спартак“ впервые победит, а „Астана“ одолеет „Кайрат“» Қазақстан футболының өз адамы болып кеткен Сергей Струков «Қайсардың» шабуылына тың күш қосты. Қазір шабуылшы төрт голмен ел чемпионатының үздік сұрмергендерінің бірі. «Қайсар» - «Тобыл» кездесуінің қарсаңында Сергеймен аз-кем сұхбаттасып, алдағы ойын туралы пікірін білген едік. - Сергей, сен бұған дейін «Тобыл» командасында өнер көрсеткенсің. Қостанайдың командасы жайлы не айтар ең? - Қанша ойыншы ауысса да, қанша бапкер келіп-кетсе де, «Тобыл» әрдайым өрнекті ойын үлгісін ұстанатын. Өзіндік мінезі бар команда. Шебер ойыншылары да жетерлік. Нәтижелерін емес, ойын үлгісін мысалға алар болсақ, «Тобыл» бүгінде еліміздің ең үздік ұжымдарының бірі. Сондықтан, бізге өте мұқият болып, алаңға жинақы шығуымыз керек. - Бірінші айналымда «Тобылды» Сергей Масленов жаттықтырған. Қазір Вардан Минаян. Қалай ойлайсың, содан бері қостанайлықтардың ойын жағдайы өзгерді ме? - Армениялық маман келгенімен «Тобылдың» ойын өрнегі соншалықты қатты өзгеріп кетті демес ем. Меніңше, Минасян бұрынғы кемшіліктерді жоюға тырысқан сияқты. Қазіргі аяқ алыстары жаман емес. Соңғы кездесулерде бекер жеңіске жетіп жүрген жоқ. - Олардың қорғанысы жайлы не айтар ең. Қорғаныс шебі қаншалықты берік? - Шынын айтсам, қорғанысына баға беру қиын. Олар қазір ел чемпионатында екінші алтылықта келе жатыр. Дегенмен, қорғаныстары соншалықты мықты деп айтпас едім. Рас, әр шептің өз көшбасшылары бар. Қорғанысы да, шабуылы да бір деңгейде. Жалпы, «Тобылды» білікті жаттықтырушылармен, шебер ойыншылармен жасақталған команда деп есептеймін. - Сонымен, қайтсек қостанайлықтарды жеңе аламыз? Ең бастысы, алаңға жинақы шығып, өз ойынымыздан жаңылмасақ болғаны. «Тобыл» жеңілмейтін команда емес. Оның үстіне, өз алаңымызда қайтсек те қостанайлықтардан үш ұпай алуымыз қажет.
Хроника дня
- 08:23Бокс/ММА
Эффектным нокаутом завершился последний бой экс-соперника Шавката Рахмонова в UFC. Видео - 08:13Хоккей
В матче «Вашингтона» с участием Овечкина было заброшено 11 шайб - 08:06Теннис
Мирра Андреева узнала соперницу в финале Итогового турнира WTA-2026 - 07:00Хоккей
Прямая трансляция матча «Барыса» против лидера Востока КХЛ - 03:36Хоккей
Курьезный случай привел к шайбе в матче НХЛ. Видео
Опрос
Ваш любимый вид спорта?
Наверх




