Статистика пользователя Бейбіт Жұмажан
Б
Бейбіт Жұмажан
1536 баллов (39)Данные
- Группа:
Пользователь
- Регистрация:
20 мая 2013 (00:11)
- На портале:
4598 дней
- Последний визит:
24 октября 2025 (10:38)
Комментариев: 16484
- Б
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Владимир Белявский: «Наши футболисты проявили характер и вырвали победу»для Aлиko:«Легионерлер болмаса Атырау футболын оркендете алмай журмиз 10 жылдар бойы» Алико, сен үнемі көпке ой салатын дұрыс пікірлер жазасың.Үнемі оқып риза болып отырамын."Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы" дегендей сенің де көксегенің қазақ футболының өркендеуі ғой. Кейбір жанкүйерлер ҚФФ-ның басшыларын жаңарту керек, пәленше, түгенше орнынан кету керек дейді. Өзің және кейбір жанкүйерлер легионерлер болмаса футбол өркендемейді деген ойда."Мен не деймін, домбырам не дейді" деген бар. Қысқасы әрқайсымыз әр жаққа тартамыз. Менің ешкімнің пікірінде жұмысым жоқ.Өз пікірім біреу-ақ,ол қазақ футболын легионерлер арқылы ешуақытта өркендемейтіндігі. "Етектен кесіп жең болмас,өзіңнен тумай ұл болмас" деген дана халқымыз. Қазақ футболшылары көбейсе деген тілектің адамымын.
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи «Sports.kz» наградил Савио Нсереко "Атырау" футболының президенті Шыңғыс Мұқанды қазіргі зиялы қазақ жастарының арасындағы бірнеше тілді білетін,жан-жақты, іскер,мемлекеттік қызметкер ретінде де басқару ісін жақсы меңгерген азаматтардың бірінен санаймын. Әкесі Жұмабек Мұқан белгілі көсемсөзші, журналист, жазушы, қоғам қайраткері. Ұлтжанды, рухы биік, отаншыл.Әкеде бар қасиет Шыңғыста асып түспесе, кем соқпауға тиісті. Бірақ Шыңғыстың клубқа қатысты ұстанымына қайранмын." Спорт kz" Нсереконы марапаттай берсін, олардың іздегендері осы, қалайда қазақ футболшыларының жақсы ойындарын жоққа шығару. Сол сыйлықты Нсерокаға тапсырған поэзия әлемінің әлдиімен өскен Шыңғыстың ХХ ғасырдағы қазақтың классик ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Бір адамға"деген өлеңіндегі тек:"...Кесені қолыма алып қарай бердім: Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп" деген жолдарын есіне алғанын қалар едім."Атырау" футболында бұрын соңды осындай үлкен мойындау болмаған еді"дегені қай сөзі? Әлі де тұғырынан түспеген, талай қазақ футболшыларын тәрбиелеп шығарған, ҚФФ-да мыңмен жалғыз алысып жүрген, футболшы кезінде "Атырау" сапында жасындай жарқыраған ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Еуропа футболының" PRO" тренерлік лицензиясының иегері, осы өлкеде кіндік қаны тамған Бауыржан Сәрсекеновты жоққа шығару ғой бұл.Шыңғыс сол Баукеңді шақырып,онымен қоса Атыраудың қадірменді ақсақалдарын да шақырып бәріне шапан жауып легионерлердің көзінше "Атырау" командасының жеңістерге жетуі үшін ақ баталарын алғанда ғой бәріміз сүйсініп, қуанар едік. Өздерін кереметпіз деп келген легионерлер де және бас тренер Белявский мырза да намысты, мінездері өр, өздері де ежелден ер атыраулықтардың арқасында қандай мемлекетке келгендерін және қазақтың қандай халық екенін білер еді.
- Б
- Б
Хроника дня
- 03:02Бокс/ММА
Озвучено будущее Казахстана между World Boxing и IBA - 03:00Футбол
Последний соперник «Кайрата» по Лиге Чемпионов вернул лидерство в АПЛ - 02:57Футбол
Со счетом 2:0 закончился матч мадридского «Реала» - 02:42Бокс/ММАКазах из команды «Канело» отреагировал на итог боя Джошуа — Пол
- 02:38Футбол
Матч «Ювентус» — «Рома» обернулся тремя голами
Опрос
Оцените уровень сборной Казахстана по футболу?



