Статистика пользователя Бейбіт Жұмажан
Б
Бейбіт Жұмажан
1536 баллов (39)Данные
- Группа:
Пользователь
- Регистрация:
20 мая 2013 (00:11)
- На портале:
4598 дней
- Последний визит:
24 октября 2025 (10:38)
Комментариев: 16484
- Б
- Б
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Бекбаев дисквалифицирован на 3 месяцадля Тобыл фанаты (Амантогай):«Осы сайтта көп болды жаңалықтарды оқып жүргеніме, бір байқағаным Бейбіт деген кісінің комменттері ылғи ұлтшылдық сипатта. Елбасымыздың толеранттық деген саяси принципіна қарсы ау деймін. ылғи ұлтқа бөледі. бір қызығы Қайраттың легионерлеріне тіпті сын айтпайды, кемшіліктерді басқа клубтан көреді,әсіресе Тобылға тиіскенді жақсы көреді екен. Сізге айтарым біздің клубта шаруаныз болмасын. 1 лигага түспейміз,к*тінізді қысып жүрініз, 1 алтылыққа жол жабылды деп қоясызғой, мал болманыз, Құдай қаласа жаңа бапкермен боламыз 1-ші алтылықта. қысқасын айтқанда Тобылда шаруаныз болмасын. Қайратынызға қарап алыныз, еуропада масқара болып ұтылмасын әйтеуір. ғаламторда батыр екенсіз әйтеуір! болды айтарымды айттым!» Мен сен сияқты бір клубтың ғана фанаты, яғни жанкүйері емеспін.Мен тұтас қазақ футболының жанкүйерімін. "Қазақ футболы" деп Астанада өткен УЕФА конгресінде Мишел Платини мырза өз аузымен айтып кеткенін өзіңде оқыған шығарсың.Мен Елбасының саясатын ұстанатын адаммын және үйге кірген жыланның басына да ақ құйып шығаратын халық - қазақтың азаматымын. Алматтың ғана емес кез келген қазақ футболшысына қылдай қиянат жасалса жаным ауыратындықтан, ойымды жазбай отыра алмаймын."Қайраттың" легионеріне сын айтпайсың деп ойласаң қателесесің. Мен сынайтын бір бапкер болса ол - Ваис мырза. Команданың былтырғы құрамдағы қола жүлде алып берген ойыншыларының көпшілігін кетіргені үшін мен оны өз коментім арқылы екі күннің бірінде сын садағына іліп отырамын. "Тобылмен" "Қайраттың" тең түскені де маған бәрі бір болды. Себебі екі командадан да бір қазақ баласы тым құрығанда бұрыштамадан да гол соға алмады. Кешір, қарағым мен сен сияқты легионер гол соқты екен деп бөрігімді аспанға ата алмаймын! Кеше Кубок үшін болған алғашқы матчта рухы биік "Ордабасаның" ойыншысы Азат Нұрғалиев хет-трик орындағанда жүрегім жарылып кетердей қуандым. Чемпионатта "Астананың" легионері Атанас Курдов хет-трик жасағанда "шіркін бір баламыз хет-трик" көрсетсе ғой"деген арман оянып еді.Аллаға шүкір, Азатымыздың арқасында қазақтар футбол ойнай алмайды дейтіндердің ауыздарына құм құйылды."Қайрат" Еуропада керемет ойнайды деп кепіл беріп отырған жоқпын."Қайраттың" бір артықшылығы жергілікті ойыншылары жеткілікті.Ваис мырза 70 пайыз жергілікті ойыншылармен Еуропада жеңіліп жатса онда тұрған ештеңе жоқ, сенің де қарғысың тигені болып шығады. Мен үшін "Қайратты"Еуропа ұлттық сипаттағы команда ретінде көрсе болды. Қазақ деген ұлттың түрі осындай екен,футболдары бар екен деген пікір қалыптасады.Қазақ елінің өнерін, мәдениетін, әдебиетін, ғылымын әлемге танытып жүргендер кімдер?Осы салалар бойынша шет елдерге шығып жүргендер кілең қазақтар.Бокстан болған Әлем Чемпионатында да Қазақстанға Бас бәйгені әперген кім? Дүниежүзінің аузын айға білеген боксшыларын тізе бүктірген өзіміздің өрендеріміз.Қазақ сияқты 7 атасына дейін қыз алысып,қыз бермейтін қанын араластырмайтын қасиетті, текті ұлттан Еуропаға, әлемге танылатын Футболшы шықпайды деп ойлайсың ба? Халқымның Алтын құрсақты аналары мақтанышымыз болар ұл тумады деп ойламаймын. Жүр олар алаңдарда, жасөспірімдер мен балалар командаларында,жұмыр жерге танымал болатын футболшыларымыз мүмкін балабақшада,тіпті аяғын енді тәй-тәй басып жүрген болар. "Тобыл" сенің меншікті клубың емес."Тобыл" менің де "Тобылым".Нұрбол Жұмасқалиевпен мақтанамын! Бүкіл футбол клубтарындағы жергілікті футболшылардың ғана жанкүйерімін. Ұлтшылдар тек қана фашистер.Мен ұлтжандымын.Енді "Қараңғы қазақ көгіне,Өрмелеп шығып,күн болам" деп жырлаған, қазақ әдебиетінің классигі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына бір өлең шумағын есіне тұт дегім келеді:"Мен қазақ,қазақпын деп мақтанамын,ұранға Алаш деген атты аламын.Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!!". Бұл саған ғана берген жауабым емес,өзің сияқты қарсы пікір айтқан өзге де жанкүйерлерге де қайтарған жауабым.
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Бекбаев дисквалифицирован на 3 месяца Уа, жігіттер, Алматқа араша түскеннің орнына жабыла сынап жатқандарыңа жол болсын. Сабыр деген ақынның жазғанындай :"Әр қазақ менің жалғызым"! Немене қақпашымыз көп пе еді сонша? Қазақтан шыққан тұңғыш қақпашымыз Құралбек Ордабаевтың соңынан ерген санаулы ғана қақпашымыз бар. Соның бірі және бірегейі Алмат деп ойлаймын. "Жығылып жатқанға жұдырық жұмсамайды" деген бар. Бекбаевтың үстінен арыз түсіріп, үш айға жаза тарттырып, айып салдырған "Тобыл" клубы енді оңа қоймас. Оларға бұл маусымда алғашқы алтылықтың қақпасы жабылды.Жоғарғы Лигадан шығып қалуы да мүмкін осы клубтағы Алматқа қысастық жасағандардың кесірінен. Сауап дегенмен қатар обал деген де бар. Алматты сыбап жатқандардың арасында "Тобылдың" жанкүйерлерінің үні естілмейді. Қазір коментімді оқығаннан кейін олар өре түрегеліп, мені итше талауға кірісетіндері анық.
-
Б
Бейбіт Жұмажан к записи Юсуп Шадиев: «Хижниченко, скорее всего, вернется в Казахстан»для Еркин Солтыбаев:«Только в Кайрат не надо его! Деревянный он! Медленный. Лучше лега хорошего. Вместе Лачны.» Если господин Ваис его пригласит я буду рад. Хижниченко не легионер , а свой.Ему в любом клубе есть место.
Хроника дня
- 16:55Питание
Гастроэнтеролог назвал рекомендуемую для здоровья порцию оливье - 16:53Бокс/ММА
«Очень понравилась. Советую». Хабиб Нурмагомедов восхитился азиатской страной - 16:52Шахматы
Жансая Абдумалик резко ответила на вопрос о «гонке» с Бибисарой Асаубаевой - 16:35Питание
Можно ли есть картофель пожилым людям - 16:25Футбол
ФИФА дала официальный ответ по сборной России. Решение может стать историческим
Опрос
Оцените уровень сборной Казахстана по футболу?




