Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыНургазы Сасаев

31 декабря 2013(16:30)

Жаңа жылда жаңа жетістіктерге жетейік

Құрметті, жанкүйерлер! Қадірменді, әріптестер! Қымбатты, спорт сүйер қауым!

Баршаңызды шын жүректен, ізгі ниетпен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Шаңырақтарыңызға бақ-береке, ырыс-құт, бақыт, байлық, бірлік, ынтымақ тілеймін. Ең бастысы, дендеріңіз сау, бастарыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын!  

Биыл – Олимпиада жылы. ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарындай табысты болсын деп тілейік. Еліміздің абыройын асқақтатып, қазақтың мерейін тасытсын! Бұл жолы өз отандастарымыз жүлдеге ілігіп, қуанышқа кенелтсе дейміз. Қарапайым Алексей Полторанин, ізетті Денис Тен, жігерлі Денис Кузин бастаған саңлақтарымыз Сочи төрінде алтынмен апталып, күміспен күптелсе деген асқақ арманымыз бар. Өздеріңіз де білесіздер, қысқы спорт түрлеріндегі біздің спортшыларымыздың көбісі – ақжарқын, инабатты, қарапайым қыз-жігіттер. Олар елімізге елеулі, халқымызға қалаулы болуға лайық.  Өз басым көрікті Катямыз да (Екатерина Айдова) жүлдеге іліксе деп тілеймін. Баршамыздың тілегіміз қабыл болсын, ағайын!  


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Ел спорты жайлы ой

Блог Нургазы Сасаева о казахстанском спорте

  • Дата рождения:

    30 ноября 1966

  • В спорте:

    с 1988 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх