Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыНургазы Сасаев

11 февраля 2013(20:38)

Ақ Олимпиада – арман = 12 жыл!

Бұл жолы ерлер арасындағы ұлттық құрамамызға айрықша сенім артып едік. Өйткені біздің құраманың деңгейі шынымен-ақ жоғары еді. Соңғы жылдары осындай азулы құрама жасақтап көрмегендіктен, бұл жолы жігіттерімізге кәміл сенгенбіз. Алайда олар да сенім үдесінен шыға алмады. 

Әрине, біздің құрама өте күрделі топқа түсті. Қарсыластыр өте қарымды болды. Бірақ оған кім кінәлі? Былтырғы әлем чемпионатындағы барлық ойында жеңіліп қалдық. Сөйтіп бүкіләлемдік рейтингте 17-орынға сырғыдық.

Егер, тым болмаса 16-орында табан тіреп қалғанымызда, жеңілдеу топқа түсер едік. Мысалы, Германияда додаға түскен «D» тобында жалғыз жолдаманы Австрия құрамасы жеңіп алды.

Біздің хоккейшілер Австрия құрамасымен осы електік сын алдында жолдастық кездесу өткізіп, 4:1 есебімен басымдық танытқан. Ал Данияда сынға түскен «F» тобында Словения хоккейшілері топ жарды (Олар Беларусь құрамасын да жеңіп кетті).

Иә, хоккейшілеріміз Сочи Олимпиадасына бара алмайтын болды. Өкінішті-ақ. Кім кінәлі? Сенімді ақтай алмаған хоккейшілер ме, ұлттық құрама ойынын жандандыра алмаған бас бапкер ме, әлде Сочи Олимпиадасы дайындығына биылғы маусым алдында ғана айрықша көңіл бөле бастаған федерация ма?! Мүмкін бұл дайындықты Ванкувер Олимпиадасы аяқталысымен жүйелі түрде бастау керек пе еді...

Соңғы рет Олимпиада ойындарына 2006 жылы жігіттеріміз қатысып келген. Енді «Ақ Олимпиадада атой салсақ» деген арманымызды 2018 жылға дейін ішімізде сақтай тұруға тура келеді...


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь
  • Ия, Нуреке, мақтаған қызымыз тойға да жете алмады ғой, ал ол той - сол Сочи еді... :((((Ответить

    • 13 февраля 2013, 13:02
    • Кызылорда
    • 248 записей
    • 4113 дней на портале
  • Дұрыс айтасыз, өздері кінәлі сол ТОПҚА түскеніне))) Бірақ ол дайынтықты түбінен бастау керек( Балалардан бастау керек)Ответить

    • 12 февраля 2013, 01:47
    • Уральск
    • 1388 записей
    • 4257 дней на портале

Карточка блогера

Ел спорты жайлы ой

Блог Нургазы Сасаева о казахстанском спорте

  • Дата рождения:

    30 ноября 1966

  • В спорте:

    с 1988 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх