СпециалистыЕлжан Кайрканов
Зайсанда еркін күрестен облыстық Чемпионат өтті
Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Уали Марат, Спорт бөлімінің басшысы Рахымбаев Зайнолда, Спорт мектебінің директоры Секен Бодаев қатысты.
Айта кету керек, Чемпионатқа барлығы 86 балуан қатысты. 10 команда сайысқа түсті.
Күш сынасуға ниет білдіріп, талай күрес алаңын тоздырған балуандар облыстық Чемпионатқа жан-жақтан жиналды. Жарма, Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті, Үржар, Катонқарағай, Шемонайха аудандарынан келген балуандар спорт алаңына шығып, өз шеберліктерін көрсетіп жатты. 42, 50, 58, 69, 85, 46, 54, 63, 76, 100 келі салмақ көрсеткіштерімен белдескен балуандардың шеберліктерін сарапқа салған қазылар алқасы да әділ шешім шығарды.
Сонымен, еркін күрес Чемпионатының қорытындысы бойынша бірінші орыннан көрінген балуандардың қатарын назарларыңызға ұсынамыз:
Ақатаев Арнұр (42 кг) Жарма ауданы, Жұртбаев Айсері (50 кг) Тарбагатай ауданы, Бауыржанов Әсет (58 кг) Тарбағатай ауданы, Капсеметов Бекзат (69 кг) Үржар, Жігітеков Әдлет (85 кг), Жарма ауданы, Смалхан Еркебұлан (46 кг) Жарма ауданы, Данияров Дамир (54 кг) Зайсан қ., Якубов Жан (63 кг) Жарма ауданы, Талдаулы Бақжол (76 кг) Зайсан қ., Қайырбеков Нұрбек (100 кг) Зайсан қаласы.
Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram
Комментарии
Сделать ставкуКарточка блогера
Спорт ВКО
Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области
- Дата рождения:
25 марта 1995
- В спорте:
с 2005 года