Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

9 августа 2017(09:37)

Үржар ауданында дзюдодан жасөспірімдер арасында жарыс өтті

Турнирге Астана, Алматы, Алматы облысы, Қызылорда, Тараз, Өскемен, Семей қалалары мен Бородулиха, Абай, Зайсан, Тарбағатай, Үржар, Аягөз аудандарынан келген  100-ге жуық бала қатысты.

Үржар ауданы, «Айгерім» демалыс орнында  өткен жарыста ұл балалар – 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, +73 кг, қыздар - 44, 48, 52, 57, 63, 70, +70 кг салмақ дәрежесінде дзюдодан өнерлерін паш етті.

Жарыс ұйымдастырушылары Үржар ауданының спортшылары мен Алматы облысынан келген спортшылар асқан белсенділікпен көзге түскендігін айтып, жарыс барысында спортшылардың өресі байқалғандығын алға тартуда.

Нәтижесінде Алматы облысынан келген К. Берликаш (+ 78), Өскемен қаласынан Н. Маратова (57 кг), бородулихалық Д. Копжасар ( 90 кг) І орын иеленіп, жеңімпаз атанды.

Жүлделі орынға келесі спортшылар ие болды: К. Берликаш (Алматы обл.), Ж. Болатбек (Зайсан қ.) – 78 кг; Н. Маратова (Өскемен қ.), Г. Бидақын (Зайсан қ.) – 57 кг; Д. Копжасар (Бородулиха ауданы), Н. Кайырбеков (Зайсан қ.), А.Хасенов (Семей қ.) – 90 кг.

Жарыс соңында облыстық турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлделі орынға ие болған спортшыларына грамота мен медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды. 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

  


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх