Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

22 апреля 2019(16:24)

«SportFest Kazakhstan» сайысының мән-маңызы артып отыр

Өскеменде 2003-2005 жылдары туған оқушылар арасында «SportFest Kazakhstan» атты республикалық мектеп спартакиадасы аясында аймақтық іріктеу турниры өтуде. Аталмыш дода биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

Алдымен спартакиаданың ашылу салтанатында облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының директоры Алима Ақылбек сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 – Ауданымыздың мықты деген бүлдіршіндері осында бас қосып отыр. Сайыстың әр түрінен оза шапқандары алдағы уақытта Щучинск қаласында өтетін шешуші сайыста аймақ намысын қорғамақ. Бабы келісіп, жеңіске жеткендеріңіз сол додада жоғары нәтиже көрсетерсіздер деген сенімдемін, – деді ол.

 «Бұл жарыс бұрынғы жарыстан өзгерек» деп алсақ, осы жолы қатысушылар саны едәуір артқан екен. «Коммуникативті бастамалар мен стратегиялар қоры», «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және облыстық білім беру басқармасы тізе қоса өткізіп отырған спартакиадада 13 команда жарыс жолына шықты. Өткен жылы аймақ бойынша 500-ден астам ұл-қыз бақ сынаса, биыл 700-ге таяу оқушы өз мүмкіндіктерін байқауда. Ал жалпы ел көлемінде осынау келелі шараға 7000-нан астам жеткіншек қатысып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл қатысушылар санының арта түскені – олардың үлкен спортқа бет бұра бастағандығының айқын көрінісі. Сондай-ақ осындай бәсекелер ірі сайыстарда жүлделі алатын таланттардың томағасын сыпырмақ.

 Оқушылар спорттың алты түрі бойынша бақ сынасуда. Атап айтсақ, футзал, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ және әскери-қолданбалы спорт түрі. Әр сайыс түрінен тәжірибелі қазылар төрелік етуде. Шын мықтылар анықталған бойда, олар «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында жалғасын табатын финалдық кезеңге қатысады.

 Сондай-ақ «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қорының» PR маманы Алтынай Аманбаева жарыстар аяқталған соң, барлық спорттық жабдықтар меткептерге сыйға тартылатынын жеткізді.

Әділхан Есімханов


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх