Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

5 марта 2021(22:33)

Шығыста Ұлттық ұландықтар қоян-қолтық ұрыстан мықтыны анықтады

  • Сообщить об ошибке

  • 0
  • Поделиться

  • 0

Өскеменде қоян-қолтық күресінен Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне жеке командалық жарысы өтті. Сайысқа Өскемен, Семей, Курчатов, Павлодар қалаларынан келген әскери бөлімдердің 60-тан астам әскери-спортшылары күш сынасты.

Ұландықтар 60, 65,70, 75, 80, 85, сонымен қатар 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша өзара кіл мықтыларды анықтады.

Бұл негізінде әскери қолданбалы спорт түрі болып табылады.Сондықтан қоян-қолтық ұрысы біздің әскерилерге өте қажет.Себебі, ол жауынгерлердің бойында өзіне деген сенімділігі мен төзімділігін арттырады - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының спорт және дене дайындығы қызметінің бастығы подполковник Бауыржан Дарыбаев.

Командалық есеп нәтижесі бойынша бірінші орынды Өскемендгі 5518 әскери бөлімінің құрамасы жеңіп алса, екінші орынды Павлодарлық 6679 әскери бөлімінің спортшылары алды, ал, Курчатовтан келген 3514 әскери бөлімінің құрамасы үшінші орыннан көрінді.

Түрлі салмақ дәрежесі бойынша чемпиондар мен жүлдегерлерді Гір спорты және армреслинг федерациясының ШҚО президенті Президент Абдығалиев Әділ Бағдатұлы, ШҚО «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының ардагері Алябьев Александр Дмитревич, ШҚО гандбол бойынша вице-президенті Ирина Неверова, ШҚО «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының спорт бөлдмі бастығы Имангулов Сергей Александрович, Қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Оразғалиев, Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының спорт шебері Сұлтан Зейнелов, Гір екі сайысынан спорт шебері Қабдыкешов Шыңғыс Егінбекұлы, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт қайраткері Сатжанов Қайрат Тұрсұнқанұлы марапаттады.

Жарыс қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы жасақталып, 6-9 сәуірде Шымкент қаласында өтетін Ұлттық ұланның республикалық чемпионатында өнер көрсететін болады.

Бағдат Амангелді,

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі бастығы

 

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, или зарегистрируйтесь

...или войдите через аккаунт соцсети

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом