Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

19 мая 2020(16:53)

Шығысқазақстандық екі спортшы рекорд орнатты

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Темірлан Айтан және Ораз Басаров рекорд орнатып, «КИнЭС» Қазақстан рекордтар кітабына үміткер атанды. Олар пластикалық бөтелкені қолдану арқылы кеудені жерден көтеру (отжимание) жаттығуын жасаған.

Бокстан спорт шебері, Халықаралық турнирлердің үш дүркін жеңімпазы Темірлан Айтан 1 л. пластикалық екі бөтелкеден денені көтеру жаттығуын 120 мәрте жасады. Оның ішінде 111 мәрте жасалғаны таза есепке алынды. Аталмыш жаттығу жасау барысында бөтелкенің тепе-теңдігін сақтау қиынға түседі. Сонымен қатар қол күрестен Қазақстанның 10 дүркін, Азияның 10 дүркін және әлемнің 6 дүркін чемпионы Ораз Басаров дәл осы жаттығуды бір бөтелке арқылы 54 рет жасады. Айта кетсек, бір бөтелке арқылы жасауда қолдағы күштен бөлек буынға да салмақ түседі.

Екі спортшының көрсеткіштері видеоға жазылып, «КИнЭС» Қазақстан рекордтар кітабының редакциясына жолданбақ.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх