Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

13 февраля 2020(23:54)

Шығыс Қазақстан атлеттері топ жарды

Бүгін Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз соңына жетті. Үш күндік додада 2 жаңа рекорд орнатылды.

Аталмыш чемпионатта 600-ге жуық спортшы қатысқан. Оның ішінде 100-ден астам атлет ШҚО намысын қорғады.

Жасөспірімдерден бөлек бұл жолы жас жеткіншектер арасында жеңіске қол жеткізгендер көп болды. Соның бірі Арина Гладышева бірінші күні 1 500 м қашықтықты 4:34.04 уақытта жүгіріп өтіп, көптен бері жаңартылмаған рекорды жаңартты. Сондай-ақ, ақтық сайыста 3 000 м қашықтықты жүгіріп өткен Алматы облысының спортшысы Айбол Омар да жаңа рекорд орнатты.

  Жалпыкомандалық есепте жасөспірімдер арасында ШҚО І орын, Алматы қаласының спортшылары ІІ орын және қарағандылық спортшылар ІІІ орын иеленді. Жас жеткіншектер арасында да ШҚО атлеттері үздік болды. ІІ орын Қарағанды облысы, ІІІ орын Шымкент қаласының спортшылары иеленді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх