Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

18 января 2018(11:26)

ШҚО спортшысы Еуропа Кубогінде қола медаль иеленді

Шығысқазақстандық спортшы Олег Цинн фристайл могулден Францияның Межев қаласында өткен Еуропа Кубогінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ерлер арасында жарыс жолына барлығы 50 спортшы шықты. ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары шеберлік мектебі» КММ тәрбиеленушісі Еуропа Кубогінде жоғары нәтиже көрсетті. Францияның Межев қаласында өткен Еуропа Кубогінде Олег Цинн 81.40 ұпай жинап жүлделі үшінші орыннан көрінді. Аталмыш жарыста 85.17 ұпайға ие болған  Швеция елінің фристайлшысы Оскар Элофссон жеңімпаз атанды. Күміс медаль 83.56 ұпаймен трасса қожайыны Гаэл Гаэддонға бұйырды. Ал, бұрымдылар арасындағы бәсекеде барлығы 18  спортшы өзара сайысты. Бұл  сында сайыс дебютанты шығысқазақстандық Амина Сатекова 13 орынға тұрақтады.

Бұдан бөлек, Еуропа Кубогінде өзге де шығысқазақстандық фристайшылар жүлде алу үшін өз бақтарын сынап көрді. Атап айтсақ, Константин Горлачев 17-ші, Антон Бондарев 21-ші орындарға жайғасса, Дмитрий Шварев 23-ші, ал, Сергей Романов 29-шы орын иеленді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх