Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

23 апреля 2018(15:24)

ШҚО дзюдошылары Азия Кубогінде жүлдегер атанды

Шығысқазақстандық спортшылар Алматыда өткен Қазақстан дзюдо федерациясының Президенті Бекет Махмұтовтың құрметіне өткен жастар арасындағы Азия Кубогінде алты жүлдеге ие болды.

Аталмыш сайыста қазақстандық командалардан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Оңтүстік Кореядан келген татами шеберлері өзара күш сынасты. Бұл жарыс 200 дзюдошының басын қосты. Азия Кубогінде облыс атынан сынға түскен саңлақтар бір алтын және бес қола медальға иелік етті. 

Спортшылар арасында жалғыз алтын медальды 78 келіге дейінгі салмақтағы Назерке Тілеуханова жеңіп алды. Анель Наурызбаева 78 келіден жоғары салмақта сайыстың қола медальін еншіледі. Жеңіл салмақта, яғни 44 кг салмақ дәрежесінде жүлделі үшінші орын Еркежан Махмудоваға бұйырды. Жасөспірімдер арасында 81 келіге дейінгі салмақта Қуаныш Ратаев, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдар Хасенов үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ, 100 келіден жоғары салмақта өз мүмкіндігін байқаған Ілияс Қалиолда да жарыстың қола жүлдесіне қол созды.

ШҚО Дене шынықтыружәне спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх