Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

16 марта 2018(19:18)

ШҚО-да волейболдан облыс біріншілігі өтуде

ШҚО-ның Зайсан ауданында ардагерлер арасында Астана қаласының 20-жылдығына орай волейболдан облыс біріншілігі өтуде. Аталмыш сайыста барлығы тоғыз команда бақ сынасуда.

Атап айтсақ, жарыс иелерінен бөлек, Ұлан және Күршім аудандарынан келіп қатысуда. Мұнда қатысушылар үш жас ерекшелігі бойынша сынға түсуде. Олар, 40-50 жас аралығында, 50-60 жас аралығында және 60 жастан жоғары спортшылар болып табылады. Әр жас ерекшелігінде  үш команда айналмалы жүйе бойынша ойнап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтауда. Айта кету керек, үш жас ерекшелігі бойынша бұл жарыс тұңғыш рет өтуде.

– Сайысқа қатысушы командалар саны аз болса да, ойын өте тартысты өтіп жатыр. Барлық команданың бойынан жеңіске деген жігерді байқау қиын емес. Алдағы уақытта осы жарыстың ауқымы кеңейе түсер деген сенімдемін – деді ШҚО спорт ардагерлер қоғамының төрағасы Мұхамедолла Ағзамов.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх