Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

20 января 2018(13:39)

ШҚО-да Ұлттық ұландықтар қоян-қолтық ұрыстан шеберлік байқасты

Өскеменде қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жекелей есептегі біріншілігі өтті. Сайысқа өңірлік қолбасшылық бөлімінің әскери қызеткерлері қатысты. Сондай-ақ, бұл жарыста жүлделі орындар үшін офицерлер, келісім шарт негізіндегі әскери қызметкерлер және сарбаздар өнер көрсетті.

Аталмыш сайыстағы барлығы 41 қатысушы 9 салмақта үздікті анықтады.

 Жарыстың қонағы ретінде ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов, AIBA ұйымының халықаралық дәрежедегі төрешісі Қуат Құдайбергенов, Қазақстан Республикасы регби федерациясының президенті Мұрат Ұранбаев, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Сатжанов қатысты. Сайыстың ашылу салтанатында Қуат Құдайбергенов ұлттық ұландықтарға Халықаралық AIBA бокс қауымдастығы атынан естелік сыйлықтар табыс етті. Жарыс барысында 27 әскери қызметкер номативтік спорттық разряд орындады.

Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы өткізген жарыс қорытындысы бойынша үздіктер келесідей анықталды: 55 кг салмақта Семей қаласының өңірлік қолбасшылыққа қарасты 5511 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері К.Шолпанбаев, 60 кг салмақта өңірлік қолбасшылыққа қарасты 5511 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Е.Арынғазинов, 65 кг салмақта өңірлік қолбасшылыққа қарасты 5512 әскери бөлімінің ефрейторы Р.Махмутов, 70 кг салмақта Өскемен қаласының өңірлік қолбасшылыққа қарасты 5518 әскери бөлімінің кіші лейтенанты А.Байгожин, 75 кг салмақта өңірлік қолбасшылыққа қарасты 5518 әскери бөлімінің аға лейтенанты О.Жанадилов, 80 кг салмақта өңірлік қолбасшылыққа қарасты 5511 әскери бөлімінің аға лейтенанты Р.Амиргазин, 85 кг салмақта өңірлік қолбасшылыққа қарасты 5518 әскери бөлімінің кіші сержанты Ф.Ахмеджанов, 90 кг салмақта Курчатов қаласының өңірлік қолбасшылыққа қарасты 3514 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері К.Нурмухашев, 90 кг жоғары салмақта Павлодар қаласының өңірлік қолбасшылыққа қарасты 5512 әскери бөлімінің сержанты А.Бекенов тұғырдың ең биік сатысына жайғасты.

Сайыс нәтижесіне қарай, жарыс жүлегерлері Астанада өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алды.

Бағдат Амангелді 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх