Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

2 апреля 2018(17:08)

ШҚО-да шаңғы жарысынан облыс чемпионаты өтуде

Риддерде өтіп жатқан шаңғы жарысында ерлер мен әйелдер, сондай-ақ, жасөспірімдер және қыздар жарыс жолына шықты. Мұндағы қатысушылар төрт жас ерекшелігі бойынша бақ сынасуда.

Аталмыш сайысқа жарыс иелерінен бөлек, Өскемен, Семей қалаларынан және Бородулиха, Шемонаиха, Үржар аудандарынан келген 60 спортшы қатысуда. Шаңғышылар конькише жүріс және спринттік жарыс бойынша үздіктерді анықтамақ. Әйелдер және ересек қыздар 3 шақырымдық қашықтықта сынға түссе, 2002-2005 ж.т., қыздар 2 шақырымдық қашықтықты конькише жүріс бойынша еңсереді. Дәл осы сайыс түрінде ерлер, жасөспірімдер және жастар 5 шақырымдық сайыста, 2002-2005 ж.т., жасөспірімдер 3 шақырымда, ал 2006-2007 ж.т, жасөспірімдер 2 шақырымдық қашықтықта өз мүмкіндіктерін байқауда. Спринттік жарыста ерлер және жасөспірімдер 1 шақырымда, сонымен қатар, 2006-2007 ж.т., және одан кіші жасөспірімдер 800 м қашықтықта жүлделі орындарды сарапқа салуда. Бұрымдылар да осы сайыста аталған қашықтықтар бойынша өзара үздікті анықтамақ.

Облыс чемпионаты қатысушыларға бірінші разряд және спорт шеберлігінен үміткер разрядын орындау мақсатымен өткізілуде. Жарыс аяқталғаннан соң, барлық спортшылар жаттығуларын жалғастырып, оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Жазғы уақытта шаңғышылар жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында өнер көрсетпек.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх