Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

19 февраля 2018(14:04)

ШҚО-да шахматтан облыс чемпионаты аяқталды

Өскеменде тірек-қимыл аппараты зақымдалған, сонымен қатар, көру және есту қабілеті төмен жандар арасында шахматтан облыс чемпионаты өтті. Жарысқа қатысушылар дені 26 мен 64 жас аралығын құрады.

Спорттың бұл түрінен үздікті анықтау үшін облыс орталығына жергілікті шахматшылардан бөлек, Семей қаласынан және Тарбағатай, Ұлан аудандарынан келген спортшылар бақ сынасты. Сайыста аймақта тәжірибелі саналатын Есімхан Құдайбергенов, Батес Амантаева сынды спорт шеберлері мен спорт шеберлігінен үміткер шахматшылар да жарыс жолына шықты. Облыс чемпионатында топ жарған спортшылар наурыздың 12 күні Алматыда өтетін көру қабілеті төмен жандар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында және наурыздың 25 күні есту қабілеті төмен жандар арасындағы ел чемпионатында өңір намысын қорғамақ. Сайыс қорытындысында үздіктер төмендегідей анықталды:

Есту қабілеті төмен ерлер арасындағы қорытынды

1 орын — Болат Кабыжанов (Семей)

2 орын — Есимхан Кудайбергенов (Семей)

3 орын — Роман Бояринов (Өскемен)

Есту қабілеті төмен әйелдер арасындағы қорытынды

1 орын — Батес Амантаева (Семей)

3 орын — Гульбану Кузекпаева (Өскемен)

Көру қабілеті төмен әйелдер арасындағы қорытынды

1 орын — Гульжан Килыбаева (Ұлан ауданы)

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы қорытынды

1 орын — Казырбек Бегалиев (Ұлан ауданы)

2 орын — Сайран Касенов (Ұлан ауданы)

3 орын — Еркинбек Хуат (Ұлан ауданы)

Есту қабілеті төмен жандар арасындағы қорытынды

1 орын — Нурлыбек Кадыргожин (Өскемен)

2 орын— Олег Тураев (Өскемен)

3 орын — Анатолий Ермаков (Өскемен)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх