Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

11 февраля 2018(17:42)

ШҚО-да республикалық «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының ойындары өтті

Өскеменде ең ауқымды республикалық  «SportFEST» жобасының іріктеу ойындары өтті. Сайыста өңірдегі 500-ден астам 8-10 сынып оқушылары бақ сынасты.

Аталмыш жарыс мемлекеттік «Samruk Kazyna «Trust» мемлекеттік қорының қолдауымен және «Коммуникативтік бастама және стратегия қорының» ұйымдастыруымен өтті.

Қатысушылар үш күн бойы жасөспірімдер арасындағы футзалдан, қыздар арасындағы баскетболдан, әскери-қолданбалы спорт түрінен, шахмат және тоғызқұмалақ бойынша сайысқа түсті.

Спартакиада еліміздің 16 өңірін қамтып, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы республикалық ойындардың өткізілуі бойынша он екінші аймақ болып табылды. Спартакиаданың мақсаты бұқаралық спорт түрін дамыту, оқушылар арасында патриоттылықты арттыру. Спорттық іс-шара соңында барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар атынан Күршім ауданындағы Ю.Гагарин атындағы мектепке спорттық жабдықтарын табыс етуі ерекше жайт болды. Жүлдегер атанған оқушылар бағалы сыйлықтармен, кубок және медальдармен марапатталды. Сайыс жеңімпаздары маусымның бірі күні Щучинск қаласындағы «Балдәурен» сауықтыру орталығында өтетін республикалық спартакиадада өнер көрсетпек. Сайыс қорытындысында үздіктер төмендегідей анықталды:

Ұлдар арасында шағын футбол қорытындысы

1 орын Аягөз ауданы

2 орын Бородулиха ауданы

3 орын Абай ауданы

Қыздар арасындағы баскетбол қорытындысы

1 орын Өскемен

2 орын Глубокое ауданы

3 орын Бородулиха ауданы

Қыздар арасындағы тоғызқұмалақ қорытындысы

1 орын А. Бахтиярова

2 орын А. Айдарова

3 орын А. Жабасова

Ұлдар арасындағы тоғызқұмалақ қорытындысы

1 орын Д. Жанибеков

2 орын А. Жакенов

3 орын С. Смағұлов

Қыздар арасындағы үстел теннисі қорытындысы

1 орын Т. Кенесбеков

2 орын С. Симин

3 орын Е. Веткамов

Ұлдар арасындағы шахмат қорытындысы

1 орын Е. Умбетов

2 орын И.Банников

3 орын Т.Мейрам

Қыздар арасындағы шахмат қорытындысы

1 орын А. Сексенбаева

2 орын Б.Сайнулдинова

3 орын А. Сейлханова

Әскери-қолданбалы спорт түрі қорытындысы

1 орын Глубокое ауданы

2 орын Бородулиха ауданы

3 орын Өскемен

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх