Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

5 мая 2018(20:42)

ШҚО-да қазақ күресінен ашық облыс біріншілігі өтті

Курчатов қаласында қазақ күресінен 2003-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында ашық облыс біріншілігі өтті. Аталмыш жарыс биыл төртінші мәрте өткізілді.

Спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттап, қазақ күресін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатымен өткізілді. Боз кілем бәсекесінде алты команда сапындағы 100-ге жуық спортшы жүлделі орындарды сарапқа салды. Атап айтсақ, кілем иелерінен бөлек, Абай, Аягөз, Бородулиха, Бесқарағай аудандарынан және Павлодар облысының Ақсу қаласынан келіп, өз мүмкіндіктерін байқады.

– Сайыс өте тартысты болды. Алайда, өткен жарыстарға қарағанда биыл бірқатар командалар келе алмады. Дегенмен, қатысушылар белдесу кезінде дайындықтарының жоғары екендігін байқатты, – деді Курчатов қаласы, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Медет Жаманбалин.

Жеті салмақ дәрежесінде өрбіген бәсеке барысында жүлделі орындардың көбі Курчатов қаласының спортшыларына бұйырды. Марат Жаманбалиннің айтуынша, келер жылы осы сайысты тағы да облыстық деңгейде өткізу жоспарда бар. Ашық облыс біріншілігінің қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

35 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Ұлағат Абзал (Абай ауданы)

2 орын – Нұрасыл Орынбеков (Абай ауданы)

3 орын – Нұрдәулет Медетбек (Абай ауданы)

3 орын – Досымжан Мейрамбеков (Абай ауданы)

38 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Диас Мұхтаров (Курчатов қаласы)

2 орын – Дәулет Рашидов (Бородулиха ауданы)

3 орын – Мирас Түсіпбек (Аягөз ауданы)

3 орын – Қуан Абылай (Курчатов қаласы)

42 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Әлихан Теміржанов (Аягөз ауданы)

2 орын – Ерасыл Хатифов (Аягөз ауданы)

3 орын – Жарас Қайролла (Курчатов қаласы)

3 орын – Арыстан Бексейітов (Курчатов қаласы)

46 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Алдияр Әбілқайыров (Курчатов қаласы)

2 орын – Әбдіғалым Хизатбек (Ақсу қаласы, Павлодар облысы)

3 орын – Әбдіқасым Абдуалы (Курчатов қаласы)

3 орын – Дастан Тілектесов (Аягөз ауданы)

50 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Айғазы Биболов (Бесқарағай ауданы)

2 орын – Азамат Бейсенов (Бесқарағай ауданы)

3 орын – Нұсұлтан Бағдатов (Бесқарағай ауданы)

3 орын – Азамат Қажыбеков (Аягөз ауданы)

55 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Ермат Құмархан (Курчатов қаласы)

2 орын – Ернұр Балтабеков (Курчатов қаласы)

3 орын – Қобыланды Жақсылық (Ақсу қаласы, Павлодар облысы)

3 орын – Дастан Зәкиев (Аягөз ауданы)

+ 55 келі салмақ қорытындысы

1 орын – Ернар Құсманов (Курчатов қаласы)

2 орын – Бақтияр Рамазанов (Бесқарағай ауданы)

3 орын – Мейіржан Сламшайықов (Аягөз ауданы)

3 орын – Төлеген Ықыласов (Аягөз ауданы)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх