Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

16 июня 2018(17:52)

ШҚО-да мемлекеттік қызметкерлер арасында XVI облыстық спартакиада аяқталды

Өскеменде мемлекеттік қызметкерлер арасында Елордамыз Астана қаласының 20-жылдығы мен ҚР мемлекеттік қызметіне 20-жыл толуына өткен XVI облыстық спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Өткен жылдың соңында басталған жарыста небір тартысқа толы сәттер мен қызықты бәсекелер орын алды. Ұзын саны 1100-ға жуық мемлекеттік қызметкерді қамтыған додада қатысушылар: футбол, волейбол, үстел теннисі, суда жүзу, бильярд және шахмат сынды спорт түрлерінен өзара кім мықтыны анықтады.

Айта кету керек, Спартакиада барысында әріптестерін қолдап қана қоймай, бірқатар аудан, қала әкімдері де аянып қалмады. Атап айтсақ, Ұлан ауданының экс-әкімі Дәулет Батырбаев пен Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов өз қабілетін волейбол бәсекесінде байқап көрді. Ал ШҚО дін істері басқармасының экс-басшысы Бейбіт Әшімов, ШҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Болат Акужанов және ШҚО бойынша қазынашылық департаментінің басшысы Мұхтар Төлегенұлы бірнеше спорт түрінен бақ сынады. Ережеге сай, бірінші басшылардың қатысуына қарай қосымша ұпайлар да қосылды.

Жүзуден ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, ШҚО жер қатынастары басқармасы және ШҚО мемлекеттік сатып алу басқармасы командасы үшінші орыннан көрінді. Екінші орын ШҚО ішкі саясат басқармасына бұйырса, ШҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы ұжымытоп жарды. Ал аудандар арасында Жарма ауданының мемлекеттік қызметкерлері ешкімге дес бермеді. Шемонаиха ауданының өкілдері екінші орынға жайғасса, Күршім ауданының мемлекеттік қызметкерлері үшінші орынға табан тіреді. Риддер болса, қалалар арасында үздік атанды. Оның ізін ала Курчатов және Семей қалалары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Ал мемлекеттік қызметкерлер арасындағы XVI облыстық спартакиадасынының жалпы қорытындысында жүлделі орындар төмендегідей анықталды:

Қалалар арасындағы қорытынды

1 орын – Семей (147 ұпай)

2 орын – Риддер (135 ұпай)

3 орын – Курчатов (134 ұпай)

Аудандар арасындағы қорытынды

1 орын – Күршім ауданы (139 ұпай)

2 орын – Жарма ауданы (121 ұпай)

3 орын – Тарбағатай ауданы (104 ұпай)

Облыстық басқармалар арасындағы қорытынды

1 орын – ШҚО дене шынықтыру және спор басқармасы, ШҚО жер қатынастары басқармасы және ШҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы біріккен командасы (152 ұпай)

2 орын – ШҚО ішкі саясат басқармасы (116 ұпай)

3 орын – ШҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы (110 ұпай)

Аумақтық департаменттер арасындағы қорытынды

1 орын – ШҚО бойынша қазынашылық департаменті (145 ұпай)

2 орын – ШҚО статистика департаменті» (138 ұпай)

3 орын – ШҚО  бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті (117 ұпай)

Әлеуеттік құрылымдар арасындағы қорытынды

1 орын – ШҚО ішкі істер басқармасы (135 ұпай)

2 орын – ШҚО төтенше жағдайлар департаменті (119 ұпай)

3 орын – ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (116 ұпай)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх