СпециалистыЕлжан Кайрканов
ШҚО-да дзюдодан облыстық турнир өтуде
ШҚО-ның Ұлан ауданында дзюдодан 2006-2007, 2008-2009 ж.т. жасөспірімдер және 2003-2004 жт.т қыздар арасында Ұлан ауданының 90-жылдық, Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына, сондай-ақ, Қожахмет Серікбаев пен Дариға Турусбекованы еске алуға арналған облыстық турнир өтуде.
Сайыстың ашылу салтанында Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Абдыкаримов барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Құрметті спортшылар, қонақтар сіздерді Ұлан ауданы әкімшілігі атынан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Жарыстың осындай айтулы мереке қарсаңында өткізіліп отырғаны әрине, қуанышты жайт. Бүгінгі сайысымызда өз мүмкіндіктерін байқауға облысымыздың үздік спортшылары келіп отыр. Сіздерің араларыңыздан келешекте ірі додаларда өңір намысын қорғайтын дзюдошылар шығады деп сенемін, – деді Нұржан Абдыкаримов.
Еске алу турниры биыл тұңғыш рет өтуде. Мұнда тоғыз команда сапындағы барлығы 200 спортшы татами бәсекесінде жүлделелі орындарды сарапқа салуда. Атап айтсақ, Өскемен, Семей, Риддер қалалары, одан бөлек, Үржар, Шемонаиха, Глубокое аудандары, ШҚО спорт академиясы, Дзюдо орталығы және жарыс қожайындары Ұлан ауданының спортшылары дзюдо күресінен облыстың үздігі атану үшін жарыс жолына шықты. Бәсеке барысында 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер 8 салмақта, 2008-2009 ж.т. және одан кіші ұлдар 7 салмақ дәрежесінде, 2003-2004 ж.т. бұрымдылар да 7 салмақта сынға түсуде. Жарыста жүлделі орын иеленген спортшыларға дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілмек. Ұйымдастырушылар бұл сайысты алдағы уақытта дәстүрлі жарысқа айналдыруды жоспарлап отыр.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі
Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram
Комментарии
Сделать ставкуКарточка блогера
Спорт ВКО
Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области
- Дата рождения:
25 марта 1995
- В спорте:
с 2005 года