Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

3 августа 2018(21:00)

ШҚО-да байдарка және каноэде ескек есуден ашық облыс чемпионаты өтті

  • Сообщить об ошибке

  • 0
  • Поделиться

  • 0

Облыс орталығында 2003 ж.т. және одан жоғары, 2004 ж.т. және одан кіші жас ерекшелігіндегі ұлдар және қыздар арасында байдарка және каноэде ескек есуден ашық облыс чемпионаты өтті.

Аталмыш додада ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ-і, «ШҚО жазғы спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ-і және спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері өз мүмкіндіктерін байқады. Қатысушылардың ұзын саны 49.

– Бұл спорт соңғы уақыттары аймақта жақсы қарқын ала бастады. Қатысушылар саны да жыл санап артып келеді. Бірқатар есушілер Жаңа Бұқтырма кентінде алдағы жарыстарға дайындық үстінде, – деді облыстың аға жаттықтырушысы Мария Григорьева.

Сонымен қатар, бапкер айтып өткендей, ашық біріншілік болғандықтан, осы жарыста ескек есуге ниет танытқан бірқатар жас спортшылар да бақ сынады. Мұнда Дмитрий Бабалис, Екатерина Сурикова, Екатерина Рафикова сынды көптеген спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері жарыс жолына шықты.

Үздік нәтиже көрсеткендері тамыздың 22-26 аралығында Жезқазған қаласында өтетін ел чемпионатында өңір намысын қорғамақ. Ол жерде жүлделі орындары 2003 ж.т. және одан жоғары жастағы спортшылар сарапқа салатын болады.

Тартысқа толы сайыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталы:

Ересек топ арасындағы қорытынды

1 орын – Кортушин Владимир

2 орын – Денис Романов

3 орын – Дмитрий Бабалис

Қыздар арасындағы қорытынды

1 орын – Валентина Роговская

2 орын – Полина Кобелева

3 орын – Диана Дементьева

2004 ж.т. және одан кіші ұлдар арасындағы қорытынды

1 орын – Денис Павлюк

2 орын – Егор Шилов

3 орын – Руслан Рист

2004 ж.т. және одан кіші қыздар арасындағы қорытынды

1 орын – Анастасия Болотова

2 орын – Алена Павлова

3 орын – Екатерина Липунова

Қыздар арасындағы каноэде есу қорытындысы

1 орын – Екатерина Рафикова

2 орын – Екатерина Сурикова

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, или зарегистрируйтесь

...или войдите через аккаунт соцсети

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом