Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

15 сентября 2018(15:20)

ШҚО бокстан ашық республикалық турнир өтуде

Аягөзде бокстан жасөспірімдер арасында Аягөз ауданының құрметті азаматы, еліміздің алғашқы сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтың жүлдесіне ашық республикалық турнир өтуде.

Сайысқа 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер қатысуда. Осымен жетінші жыл қатарынан қолға алынған шарада облыс мен қалаларымыздан бөлек, өзге елдердің өкілдері де қабілеттерін байқауда. Айта кетейік, турнирдің ашылу салтанына аймақ басшысы Даниал Ахмметов қатысып, Төлеутай Сүлейменовтың осы уақытқа дейін мемлекеттің көркеюіне сүбелі үлес қосқандығын тілге тиек етті. Одан бөлек, жарыстың ашылуына ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов та қатысып, боксшыларға сәттілік тіледі.

Бұл жолы жүлделі орындарды сарапқа салуға Ресей, Өзбектстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен де келген екен. Барлығы 15 салмақ дәрежесінде ұзын саны 197 спортшы жарыс жолына шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай додалардан болашақ спорт саңлақтарының томағасы шешіледі. Одан бөлек, биыл қатысушылар  да едәуір көбейген екен.

Естеріңізге сала кетейік, Төлеутай Сүлейменов еліміздің алғашқы сыртқы істер министрі (1991-1994 ж.ж), мемлекет қайраткері, дипломат болып, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Бүгін финалдық жекпе-жектер өтуде. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Төлеутай Ысқақұлы тағайындаған бағалы сыйлықтар табыс етілмек.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх