Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

17 сентября 2018(19:02)

ШҚО бокстан ашық республикалық турнир мәресіне жетті

Аягөзде бокстан жасөспірімдер арасында Аягөз ауданының құрметті азаматы, еліміздің алғашқы сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтың жүлдесіне ашық республикалық турнир аяқталды.

Сайысқа 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер қатысты. Осымен жетінші жыл қатарынан қолға алынған шарада облыс мен қалаларымыздан бөлек, өзге елдердің өкілдері де қабілеттерін байқады. Айта кетейік, турнирдің ашылу салтанына аймақ басшысы Даниал Ахмметов қатысып, Төлеутай Сүлейменовтың осы уақытқа дейін мемлекеттің көркеюіне сүбелі үлес қосқандығын тілге тиек еткен еді. Одан бөлек, жарыстың ашылуына ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов та қатысқан болатын.

Бұл жолы жүлделі орындарды сарапқа салуға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен де келіпті. Барлығы 15 салмақ дәрежесінде ұзын саны 197 спортшы өз салмағының үздігі атануға барын салды. Олардың арасында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетті. Шалқар Байсарин мен Мирас Баирхановтың қолс астында жаттығатын Руслан Күзебеав (50 кг дейін), Бауыржан Сатжанов (57 кг) дейін  және Аян Сабыржанов (70 кг дейін) чемпион атанды. Ал 42 келідегі Қуандық Шәріпханов қола жүлдеге ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, Төлеутай Сүлейменов еліміздің алғашқы сыртқы істер министрі (1991-1994 ж.ж), мемлекет қайраткері, дипломат болып, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Сонымен, бес күнге жалғасқан шаршы алаң бәсекесінде үздіктер төмендегідей анықталды:

42 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Арслан Жолдасбаев (Түркістан облысы)

2 орын – Жандос Жұмабаев (Түркістан облысы)

3 орын – Қуандық Шәріпханов (ШҚО)

3 орын – Фирдавс Рустемов (Тәжікстан)

44 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Бегзо Жекшенов (Қырғызстан)

2 орын – Искандарбек Рустамов (Тәжікстан)

3 орын – Бақдаулет Бөлекбай (Астана)

3 орын – Гани Мураткасымов (Өзбекстан)

46 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Шохрух Рузибоев (Өзбекстан)

2 орын – Ерасыл Сембеков (Астана)

3 орын – Берік Теміржанов (Павлодар облысы)

3 орын – Нұрсұлтан Шаймұрат (Жамбыл облысы)

50 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Руслан Күзебаев (ШҚО)

2 орын – Александр Морозов (Ақмола облысы)

3 орын – Ғалымжан Әлімхан (Түркістан облысы)

3 орын – Рахат Тюленов (Ресей, Омбы)

52 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Ильгар Салахов (Жамбыл облысы)

2 орын – Темірхан Тастеміров (Жамбыл облысы)

3 орын – Кирилл Бец (Ресей, Рубцовск)

3 орын – Айдар Сайлаубеков (ШҚО)

54 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Дидар Болатбеков (ШҚО)

2 орын – Елнұр Сүйінбай (Жамбыл облысы)

3 орын – Ербол Асанкадыров (Қырғызстан)

3 орын – Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы)

57 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Бауыржан Сатжанов (ШҚО)

2 орын – Абзал Серік (Түркістан облысы)

3 орын – Алексей Александров (Ресей, Барнаул)

3 орын – Айдәулет Самақ (Жамбыл облысы)

60 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Жақсылық Басаров (Қызылорда облысы)

2 орын – Абылай Сман (Алматы)

3 орын – Нұрмұхамед Қуаныш (Алматы)

3 орын – Тоқтасын Бабаханов (Жамбыл облысы)

63 кг  қорытындысы

1 орын – Әділжан Жандарбек (Түркістан облысы)

2 орын – Альмир Төребай (Алматы)

3 орын – Сагын Сатыбалдуулу (Қырғызстан)

3 орын – Таңжарық Тұрсынбек (ШҚО)

66 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Рахымжан Шанжарханов (Қызылорда облысы)

2 орын – Кабатай Мукашуулу (Қырғызстан)

3 орын – Наурызбай Садуақас (Қарағанды облысы)

3 орын – Раисбек Зулуфоглы (Жамбыл облысы)

70 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Аян Сабыржанов (ШҚО)

2 орын – Айтмұхамет Хиязов (Қырғызстан)

3 орын – Исламбек Төлеген (Алматы)

3 орын – Жанат Кенжеғали (ШҚО)

75 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Нұрдос Қуанышұлы (Алматы)

2 орын – Мәди Амиров (Алматы)

3 орын – Жасұлан Кәкімсеитов (Алматы облысы)

3 орын – Елнұр Меделханұлы (Алматы облысы)

80 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Халид Алиев (Қырғызстан)

2 орын – Рахат Қажымұратов (СҚО)

3 орын – Азамат Әбдіхалықов (Астана)

3 орын – Болашақ Мейрам (Жамбыл облысы)

+ 80 кг салмақ қорытындысы

1 орын – Ильяс Қадыров (ШҚО)

2 орын – Нұрасыл Рысжанов (Астана)

3 орын – Диар Роман (Түркістан облысы)

3 орын – Ернар Абсадықов (Қарағанды облысы)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх