Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

14 марта 2019(09:59)

Жеңіске жігер берер семинар

Семей спорт академиясының еркін күрес бөлімінің шәкірттеріне арналып семинар сабақ ұйымдастырылып, шеберлік сағаты өтті. Грек – рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы төрешілер корпусының төрағасы, 1S халықаралық дәрежедегі төреші Ерік Жұмабеков Семей спорт академиясына арнайы келіп, балғын балуандармен кездесті.

Семинар барысында Ерік Оралұлы акедемияның жас балуандарына айла-тәсілдерді тиянақты жасау, қарсыласқа әдіс жасағанда ұтымды қимылдау, ұпай алу сияқты маңызды жайттарды түсіндірді. Ерік Оралұлы әлемдік деңгейде өткен жарыстардан қызу талқыға түскен кездесулердің бейне жазбаларын әкеліп, оқушылардың ортақ талқысына ұсынды. 

Тіпті, ара-тұра боз кілемде қайталап көрсетіп, қызу пікірталас та жүріп жатты. 

– 16-20 наурыз күндері Талдықорған қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасында (2002 – 2004 жылы туғандар) ел чемпионаты өтеді. Сондықтан семинар немесе шеберлік сағатымызды аталған жарысқа психологиялық тұрғыдан дайындық деп те атаған жөн. Бұлар әлі жас қой. Білгендерінен білмегендері көп. Жасаған айла-тәсілдеріне алатын ұпайларын күресе жүріп түгендеп үйренулері керек. Албырттықпен кейде мінездері де сыр беріп қояды. Бапкерімен үнемі үйлесімде болуы қажет. Осының барлығын боз кілемде алқа-қотан отырып, әңгімелесе жеткізіп жатырмыз, – дейді Ерік Жұмабеков.    

Академия директоры, самбо күресінен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мерейғалы Көшкінов мұндай семинардың шәкірттер үшін маңызы зор екенін айтады. Мерейғалы Қойшыбекұлының айтуынша, балғын балуандар кейде ережені жете білмегеннен кейін ұтылып жатады екен.

Еркін күрес бөлімінің жаттықтырушылары Жанболат Мағзұмов, Дәулет Мұхамедиев, Рауан Көксегеновтер де семинар шәкірттерінің дамуына және жеңіске жігер беретініне бек сенімді. 

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх