Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

14 июня 2018(16:40)

«Altay Athletics» бренді тағы да жанданды

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасы бойынша өткен жылы құрылған еліміздегі алғашқы «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубы биіктен көрінуін жалғастырып келеді.

Кеше клуб құрамындағы кениялық желаяқтар Чехиядағы әлемдік IAAF сериясының V туры аясында өткен  57 GoldenSpike сайысында екі мәрте тұғырдан көріне білді. Бұл жарыс чех жеріндегі Острава қаласынд өтті. Одан бөлек, мұнда осы жылы қыркүйекте Құрлықтық Кубок те өткізілмек. Құрметті қонақ ретінде мұнда ContinentalCup Ostrava-2018 бастамасы аясында IAAF президенті – Себастьян Коэн келіп қатысты. Айта кету керек, ол 1500 м қашықтығында екі дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы болды.

Атақ-даңқы бір басына жетіп артылатын тәжірибелі спортшының алдында Нора Джеруто мен Каролин Кипкируй керемет өнер көрсетті. Олар 3000 м қашықтықты кедергілермен жүгіруде нағыз бәсекені көрсетті. Нәтижесінде Нора Джеруто 9:11.33 уақытымен ешкімге дес бермеді. Бұл өз кезегінде чех қаласының су жаңа рекорды болып бекіді. Джипкемей болса отандасына 12 секунд уақытымен есе жіберіп, мәре сызығын үшінші болып кесті. Қорытындысында қазақстандық желаяқ 9:23.70 уақытымен қола  жүлдегер атанды.

Телевизиялық таратылым арқасында «AltayAthletics» спортшыларының жетістігіне 150-ден астам елдің кәугер болуы қуанарлық жайт.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх