Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

5 марта 2018(12:10)

Алексей Полторанин Финляндия жеріндегі әлем Кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды

Шығысқазақстандық шаңғышы Финляндияның Лахти қаласында өткен әлем Кубогінің тоғызыншы кезеңінде ерлер арасында 15 шақырымды классикалық әдіспен жүгіруде топ жарды.

Аталмыш сайыста ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшысы Алексей Полторанин жоғары нәтиже көрсетті. 15 шақырымды классикалық әдіспен жүгіруде 33.11.9 уақытымен мәре сызығын  кескен ШҚО спортшысы әлем Кубогі кезеңінің алтын медалін жеңіп алды. Жүлде үшін таласта шығысқазақстандық спортшыға тәжірибелі финляндиялық және ресейлік спортшылар қарсылық танытты. Нәтижесінде 33.21.0  уақытымен Оңтүстік Кореядағы Қысқы Олимпиада ойындарында 50 шақырымдық  масс-старт жарысында екінші орынға табан тіреген Александр Большунов жарыстың күміс медаліне иелік етті. Ал, дәл осы масс-старт сынында топ жарған Финляндия елінің өкілі Йиво Нисканен 33.32.8 нәтижесімен үздік үштікті қорытындылады.

 Бұл Алексей Полтораниннің Қысқы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы ірі жетістігі. Айта кету керек, Пхенчхандағы төртжылдықтың басты додасында шығысқазақстандық шаңғышының оң жамбасына келетін 15 шақырымды классикалық әдіспен жүгіру бәсекесі жарыс бағдарламасына енбеген болатын.

Фото ski-nordique.net сайтынан алынды 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх