Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

11 октября 2019(21:08)

«Востокцветмет» облыстың абсолютті чемпионы

  • Сообщить об ошибке

  • 0
  • Поделиться

  • 0

Өскеменде футболдан әуесқой командалар арасында аймақтың абсолютті чемпионын анықтау мақсатында облыс Біріншілігі өтті. Үш команда арасындағы кездесу көпшілік күткендей тартысқа толы болды.

Әу баста бас жүлденің иегерін анықтауға тоғыз команда бел шеше кірісті. Олар үш топқа бөлініп, айналмалы жүйе бойынша өзара шеберлік байқасты. Іріктеуден іркілмей өткен ұжымдар мыналар еді: «Востокцветмет» (Өскемен), «Имсталькон» (Өскемен), «Фортуна» (Семей). Семей мен өскемендік командалардың кездесуі кімнің болсын делебесін қоздырмай қоймайды. Алайда бұл жолы семейліктердің кей ойындарда сылбырлық танытып, өз мүмкіндіктерін толыққанды аша алмағандай әсерде қалдық. 

Мұнда жергілікті қос ұжымнан жеңіліс тапқан «Фортуна» футболшылары бұл жолы үшінші орынды місе тұтты. Олар алдымен «имсталькондықтардан» 2:1, келесі ойында «ВЦМ» аяқдопшыларына 3:2 есебімен есе жіберді. Айталық, «Имстальконмен» өткен ойында нағыз бәсеке орын алып, қос команда да тас қамал қорғаныстары мен өткір шабуыл көрсетіп, ойын ырғағы бір сәтке де баяуламады. Бірінші кезең 1:1 болып аяқталды. Бұл ретте қақпашылардың қырағылығын да атап өткен жөн. Ойынның екінші бөлігінде қонақтар шабуылы үдей түсіп, қауіпті сәттер жиі орын алды. Дегенмен жергілікті ұжым кезекті шабуылды голға айналдырды. Қорытынды есеп 2:1 болып, «имсталькондықтар» пайдасына шешілді.

Ал екі бірдей өскемендік команда жолыққанда кейбір жанкүйер қай ұжымға жанкүйер боламыз дегендей тосылып қалды. «Восток» алаңындағы «айқас» тең дәрежеде өткендей еді алғашында. «ВЦМ» футболшылары қорғаныста сауатты ойнап, шабуылға шыққанда жинақылық танытып, матч соңына дейін 3:2 есебін сақтап қалды. Осылайша, қалалық Біріншілікте екінші орыннан көрінген «ВЦМ» ұжымы аталмыш доданың жеңімпазы атанды. Бұл да бір футболшылардың шеберлігін әрі тұрақты дайындығын көрсетсе керек. ШҚО футбол Қауымдастығы шешімімен төмендегі ойыншылар арнайы аталымдарға ие болды:

1. «Үздік қорғаушы» – Евгений Науменко (Фортуна, Семей)

2. «Үздік жартылай қорғаушы» – Роман Демченко (Востокцветмет, Өскемен)

3. «Үздік шабуылшы» – Дархан Юсупов (Востокцветмет, Өскемен)

4. «Үздік қақпашы» – Влад Бартенев (Имсталькон, Өскемен)

Осымен жазғы футбол маусымы өз мәресіне жетті. Енді қараша айынан бастап қысқы маусым басталып, теңбіл доп бәсекесі әрі қарай қыза түспек.

Әділхан Есімханов

 

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, или зарегистрируйтесь

...или войдите через аккаунт соцсети

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом