Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

19 марта 2018(22:24)

«Востокцветмет» командасы жоғары лиганың жеңімпазы атанды

Өскеменде футзалдан әуесқойлар арасында елордамыздың 20-жылдығына орай «Ел жүрегі – Астана», он бірінші облыстық және қалалық Біріншілк аяқталды.

Футзалдан жоғарғы лиганың жеңімпазы атағын сарапқа салу үшін облыстың 13 құрамасы жарыс жолына шықты. Он бірінші облыс Біріншілігінде барлығы 41 команда жарыс жолына шықты. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш сайыс 2017 жылдың 18 қарашасында өз бастауын алған.

Осыдан бір апта бұрын шағын футболдан бірінші және екінші лиганың қорытындысы белгілі болды. Екінші лига нәтижесінде өскемендік «Кристалл» командасы жүлделі үшінші орын иеленді. Тартысты ойын көрсеткен катонқарағайлық «Жастар» құрамасы 1:2 есебімен Күршім ауданының ойыншыларына есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді. Шағын футболдан екінші лиганың жеңімпазы атағына Күршім ауданының «Күршім» командасы қол жеткізді. 

Қос құрама медальдар, мадақтама қағаздары және кубокпен қатар, келесі жылдан бастап жоғарғы лигада ойнауға мүмкіндік алды. Артынша, екінші лиганың үздіктері анықталды. Естеріңізде болса, Біріншіліктің соңғы ойындарына дейін қос команда жүлделі екінші орыннан дәмелі болды. Алайда, жеңіске деген жігер таныта білген өскемендік «Алтай» командасы соңғы ойында қарсыластарын сан соқтырып, ұпай саны жағынан екінші орынға жайғасты. Нәтижесінде, жоғарғы лигада ойнау мүмкіндігіне ие болды. «Аблакетка» ұжымы үздік үштікті қорытындылады. Ал, әуесқойлар арасында екінші лиганың чемпионы атағына Абай ауданының футболшылары қол жеткізіп, бұл команда да келесі жылдан бастап жоғарғы лигада өнер көрсетпек.

Наурыздың 18 күні тартысқа толы болған жоғарғы лига ойыны өз мәресіне жетті. Ойын соңына қарай облыстық футбол федерациясы атынан әуесқой футбол клубтарының басшыларына кубок, алғыс хаттар мен медальдар табысталды. Сондай-ақ, мұнда үздік ойын өрнегін көрсеткен бірқатар спортшылар арнайы марапатталды. Өскемендік «Востокцветмет» командасындағы Иван Сивожелезов «Үздік қақпашы», өскемендік «Кеден» ұжымының футболшысы Антон Быков «Үздік қорғаушы» атағына ие болды. «Востокцветмет»» командасының тәжірибелі ойыншысы Дархан Юсупов «Үздік шабуылшы» деп танылса, қарсылас қақпасына 55 доп тоғытқан «Марқакөл» командасының футболшысы Марат Калмыков «Үздік сұрмерген» атағына қол жеткізді. Біріншіліктің соңғы ойындарында «Марқакөл» командасы өскемендік «Востокцветмет» ұжымынан 5:1 есебімен айласын асырды. Алайда, турнирдің аяқталуына дейін «ВЦМ» командасы өзіне алтын жүлдені қамтамасыз етіп қойған болатын. «Полиметалл» командасы «Имсталькон» ұжымынан 8:5 есебімен басым түссе, «Кеден» командасының ойыншылары «Свартех» ұжымын 9:5 есебімен тізе бүктірді. Сонымен, шағын футболдан бес айға жалғасқан қалалық және облыстық біріншілікте «Кеден» командасы үздік үштікті қорытындылады. «Марқакөл» ұжымының аяқ доп шеберлеріне жүлделі екінші орын бұйырды. Ал, әуесқойлар арасында жоғарғы лиганың чемпионы атағына бұған дейін де облыстың абсолютті жеңімпазы атанған «Востокцветмет» командасының футболшылары қол жеткізді.

Айта кетейік, араға апта салып, өңірдің әуесқой командаларын футзалдан облыс Кубогі күтіп тұр. Одан бөлек, сәуірдің ортасына қарай үлкен футболдан «Көктем – Алтын күз» сайысы, мамыр айында ардагерлер, қыздар командалары арасында футзалдан облыс чемпионаты, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы облыс біріншілігі, сонымен қатар, Өскемен қаласының ашық біріншілігі өз бастауын алады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх