Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

10 августа 2019(18:25)

Ұлттық ұландықтар Регби 7 сайысынан бақ сынасты

Өскемендегі «Алтай» стадионында Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы кубогі үшін «Регби 7» бойынша жарыс өтті. Аталмыш сынға Өскемен, Семей, Курчатов және Павлодар қалаларының әскери бөлімдері командалары қатысқан-ды.

– Бұл спорттың командалық екендігін баршаңыз жақсы білесіздер. Регби ептілік пен күшті, одан бөлек, жылдамдықты арттыруға үлкен көмегін береді. Түрлі келеңсіз жайттардың шешімін тауып, тәртіпсіздіктің алдын алу үшін сарбаздарға спорттың бұл түрімен айналысқан аса маңызды, – дейді Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшлығы спорт және дене дайындығы қызметінің басшысы Бауыржан Дәрібаев.

Бұл дода «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы командасының деңгейін өсіріп, шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған-ды. Спартакиадаға спорттың бұл түрі еліміздегі Ұлттық гвардия генерал-лейтенанты Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен еніп отырғандығын тілге тиек еткен артық болмас.

Шара барысында бәсекелестік қыза түсіп, сайыстың жоғары деңгейде өтуіне әр сарбаз өзінше үлес қосты. Қарсыластарына қарағанда дайындығы жоғары болған Семей қаласының 5511 әскери бөлімі үздік шықты. Екінші орын Павлодардан келген 5512 әскери бөлімінің командасына бұйырса, үздік үштікті өскемендік 6699 әскери бөлімінің сарбаздары түйіндеді.

Облыс бойынша Регби федерациясының президенті Талғат Омаров жүлдегерлерге салтанатты түрде мадақтама қағаздары мен медальдар, ал жеңімпаз командаға кубок табыс етті.

Тартысқа толы болған жарыс қорытындысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командасы тамыздың 14-19 аралығында Талдықорған қаласында «Регби 7» бойынша өтетін ел чемпионатының 3-ші кезеңінде аймақ намысын қорғайды.

Бағдат Амангелді, ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс»

өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх