Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

21 августа 2019(16:31)

Ұлттық ұландықтар дене шынықтыру жаттығуларын өткізудегі білімдерін жетілдірді

Еліміздегі спорт күнін атап өту аясында тамыздың 20-сы күні ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінде ШҚО президенттік көпсайыс федерациясы Президенті Леонид Саковский мен президенттік көпсайыстан облыстың аға жаттықтырушысы Владимир Гуляшовтың тізе қосуымен нұсқаулық-әдістемелік сабағы өткізілді.

Шараға Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, сондай-ақ 5518 және 3477 әскери бөлімдерінің офицерлері қатысты. Жүргізілген сабақ барысында түрлі қашықтықтарға (100 метрге, 1 шақырымға, 3 шақырымға) дұрыс жүгіру техникасы туралы сұрақтарға жауап беріліп, белтемірде тартылудың оңтайлы жолдары көрсетілді.

Аталған теориялық сауалдармен бірге қатысушылар қысқа және орта қашықтықтарға жүгіру туралы бағыт-бағдар алып, дайындық барысында дұрыс қимыл-қозғалыс жасауға дағдыланды. Күнделікті жұмыста негізгі саналатын дене шынықтыру жаттығуларын жан-жақты меңгерді. Бұл шара білікті мамандар мен әскери қызметкерлер арасында достық қарым-қатынас орнатып, әскерилерге тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Жеке құрамның жаттығуларды орындаудағы әдіс-тәсілдеріне де баса назар аударылды.

Нұсқаулық-әдістемелік сабағы жасақ командирлері біліктілігін арттырып, шеберлігін шыңдау, ұйымдарда дене шынықтыру жаттығуларын дұрыс орындауға мүмкіндік береді, – дейді ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының спорт және дене дайындығы басшысы, майор Бауыржан Дарыбаев.

Іс-шара мәресіне жеткен соң меймандар салтанатты түрде ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтановтың атынан мадақтама қағаздарына ие болды.


ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік

қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх