Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

19 января 2018(16:19)

Шығысқазақстандық спортшы ҚР чемпионатында топ жарды

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының» тәрбиеленушісі жастар арасындағы ел біріншілігінде қатарынан бес қарсыласынан басым түсіп, жарыстың алтын медалін мойнына тақты. Мақсат Қаби 63 кг дейінгі салмақта жарыс жолына шықты. Алғашқы жекпе-жегінде жарыс қожайыны Қызылорда облысының спортшысын, артынша үш бірдей Оңтүстік Қазақстан облысының таэквондошыларын ұтып, ақтық сындағы кездесуінде алматылық Димат Жұмабековтен айласын асырды. Барлық қарсыласын айқын ұтып, шығысқазақстандық спортшы ұлттық құрама сапынан орын алды. Алдағы уақыттарда Мақсат Қаби Азия және Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх