Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

15 мая 2018(17:48)

ШҚО жеңіл атлеттері ел чемпионатының 13 жүлдесін иеленді

Жеңіл атлетикадан Шымкент қаласында өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел чемпионатында шығысқазақстандық спортшылар жүлделі орындар иеленді.

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ тәрбиеленушілері аталмыш додадан 13 медаль еншілеп, жоғары нәтиже көрсетті. Жеңіл атлеттер жеті алтын, төрт күміс және екі қола жүлдеге ие болды. «Altay Athletics» клубының құрамындағы Варвара Назарова 48,56 м көрсеткішпен найза лақтыруда үздік атанды. Екатерина Ефремова 400 м қашықтыққа жүгіруде 58,16 уақытымен қарсыластарының алын орап, жеңімпаз атанса, ұзындыққа секіруде Анастасия Заводина 5, 74 м-ге секіріп, топ жарды. Сондай-ақ жетісайыстан Кристина Егорина үздік шықса, 400 м қашықтықты барерьмен жүгіруде Александра Егорина 1.06.89 нәтижесімен алдына жан салмады. Ерлер арасында балға лақтырудан Алексей Владимиров 49,19 м нәтижесімен бірінші орын иеленсе, 200 м қашықтыққа жүгіруде Тарас Ефимов қарсыластарынан қара үзіп, 22,27 секундпен жеңімпаз атанды.

 Ал, бұрымдылар арасында 400 м қашықтықты барьермен жүгіруде Светлана Малежина тұғырдың екінші сатысына жайғасты. 200 м-ге жүгіруде Владимимр Фещенко да екінші орын иеленді. Шығысқазақстандық желаяқтар 400 м қашықтықты 4 адам жүгірудегі эстафеталық сайыста да жүлделі екінші орынан көрінді. Олар мына құрамда өнер көрсетті: Регина Митрофанова, Александра Егорина, Елизавета Матвеева және Айым Қайсанова. Сонымен қатар 110 м қашықтықты барьермен жүгіруде Рамиз Картаев пен Орынгүл Закариянова үздік үштікті қорытындылады.

Жалпыкомандалық есепте облыс құрамасы ел чемпионатында екінші орынға жайғасты.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх