Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

18 октября 2017(11:05)

ШҚО-да волейболдан облыстық турнир өтті

ШҚО-да ҚР еңбек сіңірген полиция қызметкері, заң ғылымының кандидаты Дәлелхан Сабуровты еске алуға арналған волейболдан оқушылар арасында 7-ші рет облыстық турнир өтті.

Жыл сайын өтетін сайысқа 10 команда қатысты. Оның ішінде ұлдар және қыздар командасынан 4 құрама жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды. Тартысты өткен ала доп бәсекесінде тарбағатайлық командалар жақсы ойын көрсетті. Ұлдар арасында Сәтбаев ауылының құрамасы үздік атанды. Көкжыра ауылының волейболшылары 2 орын, ал, Қызыл кесік ауылының командасы 3-ші орынға табан тіреді. Бұрымдылар арасында Көкжыра ауылының спортшылары жеңіске жетті. Тұғырдың екінші сатысына Ақсуат ауылынан келген команда жайғасса, жүлделі 3-ші орынды Жантікей ауылының волейболшылары  иемденді. Жарыс соңына қарай, төрешілер мен ұйымдастырушылар кейбір тартысты ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларды  арнайы марапаттады. Жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар мен ойыншыларға қомақты қаржылай сыйлық табысталды. Спортқа жанашыр атымтай жандардың қолдауы қашан да қажет. Өзінің ағасына арнап, турнирдің өткізілуіне үлкен қолдау танытқан жандардың бірі Бүкіләлемдік қазақ күресі Федерациясының вице-президенті Бәделхан Камалханұлы болып отыр. Одан бөлек, Мақсат Мәзібаев, Қайырбек Шыныбаев, Арман Әділбеков, Болат Қойбағаров, Қайрат Қожахметов  сынды осы өңірден шыққан кәсіпкерлер аталмыш турнирдің жыл сайын өткізілуіне себепші болып табылады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының бапасөз қызметі

 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх