Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

22 февраля 2018(19:14)

ШҚО-да үстел теннисінен облыс чемпионаты басталды

Өскеменде үстел теннисінен 15 пен18 жас аралығындағы қыздар және жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты басталды. Аталмыш жарыста 100-ден астам қатысушы өзара мықтыны анықтауда.

Аймақтағы барлық аудандардан келген үстел теннисі шеберлері  сайыстың осы түрінен мықтыны анықтау үшін облыс орталығына жиналды. Атап айтсақ, өскемендік спортшылардан бөлек, Семей қаласынан және Зырян, Көкпекті, Ұлан, Тарбағатай аудандарынан келіп бақ сынасуда.

 – Бұл жарыс жекелей сында өнер көрсеткен қатысушылардың дайындығын байқап, үздіктерін облыс құрамына іріктеу мақсатымен өткізілуде, – деді үстел теннисінен ШҚО аға жаттықтырушысы Ольга Архипова.

Бір айдан кейін жоғары нәтиже көрсеткен теннисшілер Алматыда өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына жол тартады. Наурыздың 23 мен 29 аралығындағы ел чемпионатында ең алдымен 2003 ж.т., ал, 2000 ж.т. жасөспірімдер сәуірдің 4 мен 10 аралығында жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, үстел теннисінен облыс чемпионаты төрт күнге жалғаспақ.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх