Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

15 декабря 2017(23:00)

ШҚО-да спортшыларға арналған мектеп мұражайы ашылды

Өскеменде «ШҚО спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының» 20 жылдығына орай Мектеп мұражайының ашылуы өтті.

Мұражайдың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.

 –Құрметті қонақтар, спорт ардагерлері, ұстаздар. Сіздерді аймақ басшылығы және дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылып отырған мектеп музейінің ашылуымен құттықтаймын. Осындай дарынды спортшыларды жаттықтырып жүрген бапкерлік құрамға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Осында тәлім алып жүрген барлық спортшыларға әлемдік додаларда жүлде алуларына тілектеспін. Сіздерге қойылған меже белгілі, осындай замануй мектеп-интернатынан түлеп ұшып, Олимпиадаларда жүлдегер атана беріңдер, – деді басқарма басшысы.

Мұражайдың салтанатты ашылуынан кейін, мектеп-интернаттың 20 жылдығына орай концерттік бағдарлама өтті. Мұнда оқытушылар мен бапкерлерді ерен еңбектері үшін алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы Денис Улановқа ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері куәлігі табысталды.

 Спорттық шара өскелең жас спортшыларға бағыт-бағдар, үлгі беру мақсатымен өтті. Құрылғанына 20 жыл толған спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан бірқатар үздік спортшылар түлеп ұшқан.

Айта кетейік, аталмыш мектеп-интернатын 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова тәмәмдаған.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх