Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

16 декабря 2017(00:06)

ШҚО-да спорт бапкерлеріне «Құрмет» және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілері табысталды

Шығыс қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов спорт саласының дамуына үлес қосқан бапкерлерге «Құрмет» және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілерін табыстады.

– Қадірменді қонақтар, барлықтарыңызды бүгінгі тамаша күнмен құттықтаймын. Әр күндеріңіз тек жақсылыққа толы болсын. Еліміз үшін айтулы мереке Тәуелсіздік күнінде барлықтарыңызға зор денсаулық тілеймін, деді облыс басшысы.

Әр түрлі қызмет саласында еңбек еткендердің арасында облыс спортын дамытуға үлес қосқан жандар да болды. Атап айтсақ, 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесін иемденген Денис Улановты жаттықтырған Александр Девяткин «Құрмет» орденімен, осы уақытқа дейін 73 спорт шеберін дайындаған, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, дзюдодан Шығыс Қазақстан облысының бас бапкері Бақытбек Дуанов «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

– Еңбектің ескерілгені қашан да қуанышты. Өз саламда мүмкіндігінше нәтижелі жұмыс атқаруға тырысамын. Осындай марапатқа ие болғаным, шәкірттерімнің де үлесі. Еңбегіңнің жемісін көру үшін табандылық пен төзім керек. Алдағы күндері жаттықтырып жүрген спортшыларымның арасынан Олимпиадаларда жүлде дзюдошы шықса деймін, – деді Бақытбек Дуанов.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх