Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

23 февраля 2018(19:45)

ШҚО-да шорт-тректен ҚР чемпионаты басталды

Өскеменде шорт-тректен 9-13 аралығындағы жасөспірімдер және қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты басталды. Бұл сында сегіз команда сапындағы 140 спортшы өзара үздікті анықтауда.

Атап айтсақ, шығысқазақстандық шорт-трекшілерден бөлек, Астана, Алматы қалаларынан және Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келіп өз мүмкіндіктерін байқауда. Аталмыш спорттық іс-шара облыс орталығында осымен екінші мәрте өтіп отыр.

 – Бұл сайыс Қазақстандағы шорт-трек спортын кеңінен насихаттап, алдағы ірі жарыстарда өңір намысын қорғайтын спортшыларды іріктеу мақсатымен өткізілуде, – деді сайыстың бас төрешісі Игорь Кутовой.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар бұл бәсекені жыл сайын облыс орталығында өткізуді жоспарлап отыр. Қатысушылар 500 м, 800 м, 222 м, 333 м және эстафеталық жарыс бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтамақ.

Шорт-тректен ел чемпионаты қорытындысында облыс құрамасы жасақталып, наурыздың 20 мен 24 аралығында Астанада өтетін ҚР чемпионатында өнер көрсетеді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх