Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

23 марта 2018(10:07)

ШҚО-да шаңғы туризмі техникасы бойынша облыс чемпионаты өтті

Риддерде шаңғы туризмі техникасы бойынша жастар және жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. Бұл жарыс туристік көпсайыстан ШҚО чемпионатының үшінші кезеңі болды.

Аталмыш бәсекеде сегіз команда құрамындағы 40-тан астам спортшы өз қабілеттерін байқады. Мұнда Семейден төрт және Риддерден келген төрт команда өзара бақ сынасты. Айта кету керек, өңірде шаңғы туризмі техникасы бойынша сайыс он жыл мерзім ішінде алғаш рет өтті. Ережеге сай, әр команда құрамында үш ер бала және бір бұрымды болды. Олар 11 шақырымдық «кросс-жорықтағы» жарыста барлығы төрт техникалық кезең бойыша сынға түсті. Чемпионат қорытындысында жүлделі орындар төмендегідей анықталды:

15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы қорытынды

1 орын – Меридиан (Риддер)

2 орын – Ак-Барс (Риддер)

3 орын – Пятерочка (Риддер)

15 жастан жоғары жастар арасындағы қорытынды

1 орын – Экстремалы (Риддер)

2 орын – Спарта (Семей)

3 орын – Гидрики (Семей)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх