Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

24 февраля 2018(15:27)

ШҚО-да қол күресінен облыс чемпионаты басталды

ШҚО-ның Ұлан ауданында армрестлингтен 18 жас және одан кіші, сондай-ақ,  1997-1999 ж.т. спортшылар арасындағы облыс чемпионаты басталды.

Бұл сайыста жарыс қожайындарынан бөлек, Өскемен, Семей қалаларынан және өңірдің 14 ауданынан келген 260 спортшы бақ сынасуда.

Қатысушылар үш күнге созылатын сайыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын болады. Чемпионатта жастар 9 салмақта, жасөспірімдер және қыздар 8 салмақ бойынша сынға түседі.

 – Мұнда үздіктер екі қол бойынша өз қабілеттерін байқап, шеберлік байқасады. Осы сайыстан соң, алдағы болатын ел чемпионатында өнер көрсететін спортшылар есімі белгілі болмақ, – деді жарыстың бас төрешісі Ерлан Уалиев.

Аталмыш жарыста әлемнің вице-чемпионы Евгений Гунько, сонымен қатар, Ораз Басаров, Деши Дурсаева, Алина Белан сынды әлем чемпиондары да жарыс жолына шықты.

Білектілер бәсекесінің нәтижесіне қарай наурыздың 13 мен 16 аралығында Талдықорғанда өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын облыс құрамасы жасақталады.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх