Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

16 июня 2018(18:53)

ШҚО-да қайырымдылық жүгірісі өтті

Бүгін Өскеменде жыл сайынғы «Мемлекеттік қызметкерлер күнін» атап өту қарсаңында «Алға басу-движение вперед» атты қайырымдылық марафоны өтті. Шараға 500-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысып, өз мүмкіндігін байқады.

Қайырымдылық жүгірісінің ашылу салтанатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова барша қатысушыға сәттілік тіледі.

Бүгінгі қайырымдылық марафоны қаншама мемлекеттік қызметкердің басын қосып отыр. Өздерін басқа қырынан танытып, жақсы нәтиже көрсетемін деушілерге күн райы да қолайлы болып отыр. Бір кісідей жиналып келгендеріңізге үлкен алғысымды айтамын, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, қайырымдылық шарасы бүгін еліміздің барлық өңірінде өткізілуде. Жұмыс басты жандар салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты жаппай дамыту мақсатымен жиналды. Бір ерекшелігі, марафоннан түскен қаржы «Балаларға өмір сыйла» жобасы бойынша қайырымдылық қорына табысталмақ.

Ең алдымен спорттық шараның бас төрешісі Александр Кругликов қатысушыларға ережені түсіндіріп өтті. Одан кейін футзалдан еліміздің спорт шебері Ирина Салкина жалпылама қыздырыну жаттығуын жүргізді. Осыдан барып барлық қатысушы сап түзеп, жарыс жолына беттеді. Жүлдеден үміттілері топ алдына шығып, бірден жылдам қарқынмен сөреден суырылып шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жердегі мақсат – бәріне бірдей жүгіріп шығу міндетті болып саналмайды. Себебі, қайырымдылық жүгірісі болғандықтан жалыпылама ат салысулары басшылыққа алынды. 

Арада аздаған уақыт өтіп, алғашқылардың легі көріне бастады. Осылайша жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

Ерлер арасындағы қорытынды

1 орын – Жандос Мерекенов

2 орын – Айқын Ермұхан

3 орын – Дмиртий Ошиток

Әйелдер арасындағы қорытынды

1 орын – Анна Бровкина

2 орын – Гүлжанат Нұрбаева

3 орын – Кира Мустаева

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх