Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

18 февраля 2018(16:24)

ШҚО-да киокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтуде

Өскеменде киокушинкай каратэның кумитэ тәртібі бойынша «Шығыс Барысы» атты балалар, қыздар және жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы облыс чемпионаты өтуде.

Аталмыш сайыста өскемендік спортшылардан бөлек, Риддер және Семей қалаларынан келген 542 кумитэ шеберлері өзара мықтыны анықтауда. Чемпионатқа қатысушылар дені 5 пен 17 жас аралығын құрайды. Жарыс ережесіне сай, мұнда белгіленген салмақтан жарты келі асқанға дейін ғана қатысуға мүмкіндік беріледі.

– Бұл чемпионат осы спорт түрін жатар арасында кеңінен насихаттап, спорттық шеберлікті артттыру мақсатымен өткізілуде. Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар алдағы уақытта болатын ірі додаларда өңір намысын қорғайтын болады, – деді ШҚО киокушинкай каратэ федерациясы облыстық филиалының басшысы Денис Хижняк.

Айта кетейік, киокушинкай каратэден Қазақстан Республикасы чемпионаты наурыздың 24 мен 25 аралығында Петропавл қаласында өтпек.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх