Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

23 апреля 2018(15:34)

ШҚО-да кикбоксингтен жастар арасындағы ҚР чемпионаты өтеді

Өскеменде кикбоксингтен 2000-2001 ж.т. қыздар және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Облыс орталығында сәуірдің 25 мен 28 жастар және қыздар арасында ел чемпионатының жүлделі орындары сарапқа салынады. Жарыста барлық облыстан және еліміздің бірқатар қалаларынан спортшылар келіп, шеберлік байқаспақ. Өңір намысын 24 кикбоксшы қорғайды. Олардың қатарында Әлем Кубогінің жеңімпазы, әрі ел чемпионы Акбар Алматов, Әлем Кубогінің күміс жүлдегері, ел чемпионы Серікбол Ермеков, ел чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Бауыржан Еркебаев және Әлем Кубогінің қола жүлдегері Айдар Есболатов сынды шеберлігі толысқан спортшылар да бар.

Бұл сайыс алдағы қыркүйек айында Италия жерінде өтетін Әлем чемпионатына іріктеу болып саналады.

Сәуірдің 25-і күні сағат 11:00-де сайыс өз бастауын алады, ал 14:00-де жарыстың ашылу салтанаты өтеді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх