Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

21 июля 2017(11:57)

ШҚО-да жағажай волейболынан ҚР Чемпионатының ІІІ туры аяқталды

Чемпионатқа ШҚО мен Алматы, Астана, Ақтау қалаларынан келген 70-ке жуық (23 жұп ерлер және 10 жұп әйелдер) спортшы қатысқан. Ұйымдастырушылар ойын алаңында еліміздің ең мықты деген волейболшылары бас қосқандығын алға тартуда. Аталмыш чемпионатта ережеге сай ерлер мен әйелдер жұптары жеке-жеке жарысқа түсті.  

Сайыс қорытындысы бойынша қыздар арасынан Д. Рубилко, П. Кондрашина - І орын; Д. Шингисова, В. Ифраимова – ІІ орын; Т.Қайрбекова, М.Өтеулина ІІІ орынға ие болып жеңімпаз атанды.

Ерлер арасынан сайыста өз шеберліктерін жоғарғы деңгейде көрсете білген жүлдегерлер қатары мынадай: А. Дьяченко, А. Сидоренко – І орын; Д. Яковлев, С. Богату – ІІ орын; А. Бабичев, А. Кулешов – ІІІ орын.

Ойын соңында сайысқа қатысушылар медальдар мен мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх