Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

20 февраля 2020(21:39)

ШҚО-да хоккейден «ШҚО әкімінің Кубогі» ойындары өтуде

Шығыс Қазақстанда 2005-2007 ж. балалар арасында шайбалы хоккейден «ШҚО әкімінің Кубогі» ойындарының І кезеңі өтуде.

Жуықта Жарма ауданында І кезеңнің ІІ дивизион ойындары өтеді. Оған Тарбағатай, Жарма, Зайсан, Үржар, Аягөз аудандарының командалары қатысады деп күтілуде. Жалпы аталмыш сайыс облыстың барлық аудан-қалаларын қамтып, 300-ге жуық бала қатысуда. Ойынға тек хоккей мектептерінің тәрбиеленушілері қатыстырылмайды.

Ұйымдастырушылар айтып өткендей, аталмыш ойындардың басты мақсаты балалар арасында хоккейге қызығушылықты оятып, ауладағы хоккей ойындарын жандандыру болып табылады. Сондай-ақ, шалғай ауылдардан үздік деп танылған балалар мектеп интернатқа алынып, дене шынықтыру және спорт басқармасының хоккей мектебінде тәрбиеленеді.

Сондай-ақ, жас хоккейшілерден ШҚО құрамасы құралып, ағымдағы жыл соңында Ресейде балалар арасында өтетін халықаралық турнирге қатысатын болады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх