Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

12 ноября 2018(15:34)

ШҚО-да грек-рим күресінен республикалық турнир өтті

Жарма ауданында Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған, ауданның 90-жылдығына орай грек-рим күресінен 2006-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында III-ші республикалық турнир өтті.

Аталмыш дода республикалық деңгейде қатарынан үшінші жыл Қалбатау ауылында өткізілді. Қатысушылардың ұзын саны 220-ға жуық болды. Ола үш күн бойы өз салмағының үздігін анықтады. Мұнда кілем иелерінен бөлек, Тараз, Шымкент, Семей, Алматы, Өскемен қаларынан, Маңғыстау, Алматы облыстарынан және бірқатар аудандардан жас балуандар келіп, өз мүмкіндіктерін байқады. 

Үздіктер барлығы 10 салмақта анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыс айтарлықтай жоғары деңгейде өткен.

– Барлық қатысушыны бапкерлері тыңғылықты дайындық жүргізіп әкеліпті. Әрқайсысы жеңіске деген жігер танытып, ортасынан озық шығуға барын салды. Оның ішінде, бес мәрте бірінші орын иеленген Алматы қаласының спортшыларын ерекше атап өтуге болады, – деді Жарма ауданының аға жаттықтырушысы Бекжан Аманбай.

Бағы мен бабы қатар шапқан қатысушылар медальдар, мадақтама қағазы және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Турнир қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

26 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Данияр Базарбек (Алматы қаласы)

2 орын – Нұрдәулет Құмарұлы (Аягөз ауданы)

3 орын – Әрсен Алпанов (Аягөз ауданы)

3 орын – Мерген Аманғали (Аягөз ауданы)

30 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Сұңқар Нұртілеу (Алматы қаласы)

2 орын – Бекарыс Есенәлі (Тараз қаласы)

3 орын – Қайсар Жекенов (Үржар ауданы)

3 орын – Тұмар Әділбеков (Өскемен)

32 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Марлан Зәуірбек (Алматы қаласы)

2 орын – Әлібек Алпанов (Аягөз ауданы)

3 орын – Әлібек Ортбаев (Үржар ауданы)

3 орын – Әлинұр Төлеуғали (Семей)

35 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Нұрәли Кәкімов (Жарма ауданы)

2 орын – Рауан Серікқанов (Аягөз ауданы)

3 орын – Нұрберген Әбішев (Маңғыстау облысы)

3 орын – Мәрлен Мейрамбекұлы (Тараз қаласы)

38 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Әлішер Ғалымжанов (Үржар ауданы)

2 орын – Ералы Рымжанов (Үржар ауданы)

3 орын – Ернұр Орынтай (Алматы қаласы)

3 орын – Қайсар Рымханов (Жарма ауданы)

41 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Диас Сейітқали (Семей)

2 орын – Дәлелхан Майлыханов (Семей)

3 орын – Хақназар Болат (Тараз қаласы)

3 орын – Ринат Мейманқожа (Алматы қаласы)

44 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Әли Махаметов (Алматы қаласы)

2 орын – Ерсайын Секенов (Үржар ауданы)

3 орын – Нұрасыл Ақыланов (Аягөз ауданы)

3 орын – Ернұр Бауыржанұлы (Семей)

48 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Нұрел Оралхан (Алматы қаласы)

2 орын – Диас Кертай (Алматы облысы)

3 орын – Марғұлан Серікқазы (Аягөз ауданы)

3 орын – Дарын Тұрғанбаев (Үржар ауданы)

52 келіге дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Мұхамет Мұқашов (Жарма ауданы)

2 орын – Савва Анисов (Өскемен)

3 орын – Расул Болатов (Аягөз ауданы)

+ 57 келі салмақ қорытындысы

1 орын – Ердос Нұрдыбек (Жарма ауданы)

2 орын – Әлихан Задаев (Үржар ауданы)

3 орын – Айдын Доғдырбек (Алматы облысы)

3 орын – Александр Пименов (Өскемен)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх