Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

23 сентября 2017(10:42)

ШҚО-да футбол, волейбол, хоккей ойындарынан көпкезеңдік ШҚО Чемпионаты басталды

19 аудан мен қала мектептерінде ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен көпкезеңдік чемпионат басталды. Өскемен қаласының мектептерінде өткен жарысты ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов тамашалады.

  Аймақ басшылығының тапсырмасына сәйкес бүгін облыста ұлдар арасында футболдан және қыздар арасында волейболдан Чемпионат басталды. Алғашында мектепішілік жарыс мектепаралық жарыспен кейін аудандық жарыс болып жалғасын табады, – деді Асқар Можанов.

Осылайша, балалар алғашында мектеп ішінде жарысса, кейін мектепаралық және ауданаралық жарыстарға қатыспақ. Ең бастысы сол, чемпионат барысында ең мықты ойыншылар іріктеліп алынады. Облыстық жарыстардан үздік танылған спортшылар Шығыс Қазақстан облысының намысын ҚР Чемпионатында қорғайтын болады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх